Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Бұйрық · № 103 · қабылданған 09.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153480/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 103 ·09.03.2021
09.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 103 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
103
Қабылданған күні
09.03.2021
Көрсетілген редакция
09.03.2021 153480_513308.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022338
ЭКБ идентификаторы
153480
Редакция идентификаторы
153480_513308
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:19

0 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер қоса берілген тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

0 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 9 наурыздағы
№ 103 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі

1 1. «Лоцмандық қызмет туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 17 қаңтардағы № 31-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген):

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

2

2. «Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6843 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

3 3. «Кемелерді жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6938 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 маусымда «Заң газеті» газетінде жарияланған):

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

4

4. «Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілерін, оның кию тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6989 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 шілдеде «Заң газеті» газетінде жарияланған):
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

5

5. «Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11198 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген комиссияның оң ұсынымы негізінде және Заңға сәйкес объектілері мемлекеттік меншікке қабылданған жағдайда, уәкілетті орган «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосымен бірлесіп, объектілерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10785 болып тіркелген) магистральдық теміржол желісіне кіретін магистральдық жолдар тізбесіне немесе станциялық жолдар, электрмен жабдықтау, дабыл, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, ғимараттар, құрылыстар, үйлер мен магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу бойынша шараларды қабылдайды.».

6

6. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес тасымалдаушылар үшін тиісті жылға субсидиялауға бөлінген көлемдегі мемлекеттік бюджетті есепке ала отырып, магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне тарифтерге (бағаларына, мөлшерлемелерге, алымдарға) уақытша төмендету коэффициенттін белгілейді.».

Қолданыстағы