Құжат мәтініне өту

Об установлении и изменении границ (черты) некоторых населенных пунктов Шетского района

Қаулы · № 01/01 · қабылданған 03.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153539/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении и изменении границ (черты) некоторых населенных пунктов Шетского района Қолданыста Қаулы ·№ 01/01 ·03.03.2021
03.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении и изменении границ (черты) некоторых населенных пунктов Шетского района

Қолданыста Қаулы ·№ 01/01 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении и изменении границ (черты) некоторых населенных пунктов Шетского района
Атауы (қаз.)
Шет ауданының кейбір елді-мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
01/01
Қабылданған күні
03.03.2021
Көрсетілген редакция
03.03.2021 153539_513482.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21KQ006247
ЭКБ идентификаторы
153539
Редакция идентификаторы
153539_513482
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:22

0 Шет ауданының кейбір елді-мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі мен Шет аудандық мәслихаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ ЖӘНЕ ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Ақшоқы ауылының бекітілген жер-шаруашылық орналастыру жобасына байланысты, Шет ауданының Ақшоқы ауылының (№2 ауыл) шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін, ауылдың солтүстік, шығыс және оңтүстік бөлігінен 2 846 га азайтылсын және 717 га көлемі бекітілсін.

2

2. Үңірек ауылының бекітілген жер-шаруашылық орналастыру жобасына байланысты, Шет ауданының Үңірек ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін, 4 849 га ауылдың солтүстік-шығыс бөлігінен азайтылсын, 1447 га ауылдың оңтүстік бөлігінен, 2 435 га ауылдың шығыс бөлігінен қосылсын және 15605 га көлемі бекітілсін.

3 3. Сарыши ауылының бекітілген жер-шаруашылық орналастыру жобасына байланысты, Шет ауданының Сарыши ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін, Сарыши ауылының батыс бөлігінен 8 877 га азайтылсын және 11 135 га көлемі бекітілсін.

4

4. С. Сейфуллин атындағы кенттің бекітілген жер-шаруашылық орналастыру жобасына байланысты, Шет ауданының С.Сейфуллин атындағы кентінің шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін, Шет ауылдық округінің жерінен 970 га, Өспен ауылдық округінің жерінен 696 га, Бұрма ауылдық округінің жерінен 1 434 га қосылсын және 10 942 га көлемі бекітілсін.

5 5. Шет аудандық мәслихаты мен Шет ауданы әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына (төрағасы – Ғ.Мукушев) және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы