О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 15.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2021 153555_520334.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21S0007175
- ЭКБ идентификаторы
- 153555
- Редакция идентификаторы
- 153555_520334
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:13
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 46 қаулысына
қосымша
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 81 қаулысы (2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6178 болып тіркелді).
2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 267 қаулысы (2020 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6578 болып тіркелді).
3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 349 қаулысы (2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6858 болып тіркелді).