О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 16.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2021 153558_519940.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21SIE07176
- ЭКБ идентификаторы
- 153558
- Редакция идентификаторы
- 153558_519940
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:12
0 Шектеу
іс-шараларын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабына 8) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 33 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Возвышен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында орналасқан «Шупанов» шаруа қожалығы және «Шупанов» жеке кәсіпкерінің аумақтарында белгіленген ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 22 (2020 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6547 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.