Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата

Қаулы · № 107-900 · қабылданған 16.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153596/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Қолданыста Қаулы ·№ 107-900 ·16.03.2021
16.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата

Қолданыста Қаулы ·№ 107-900 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107-900
Қабылданған күні
16.03.2021
Көрсетілген редакция
16.03.2021 153596_513687.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21A0001311
ЭКБ идентификаторы
153596
Редакция идентификаторы
153596_513687
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:12

0 Әкімдіктің кейбір қаулыларының

күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналардың:

1

1) «Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 814 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 29 мамырда № 57 (3115) «Астана ақшамы», № 58 (3133) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған);

2

2) «Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 107-1903 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 973 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 желтоқсанда № 138 (3343) «Астана ақшамы», № 138 (3361) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы