Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 18.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.10.2021 153708_541283.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NPA09827
- ЭКБ идентификаторы
- 153708
- Редакция идентификаторы
- 153708_541283
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:10
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 01-20/57 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі Қарамеңді ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты:
Қарамеңді ауылы мына мекенжайлар бойынша: Уәлиханов көшесі, 11 үй, 2 пәтер, Автомобилистер көшесі, 10 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 12 үй, 2 пәтер, Автомобилистер көшесі, 13 үй, 2 пәтер, Автомобилистер көшесі 17 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 19 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 2 үй, Автомобилистер көшесі, 6 үй, 1 пәтер, К.Алин көшесі, 19 үй, 1 пәтер, Амангелді көшесі, 49 үй, 2 пәтер, Баймағамбетов көшесі, 1А үй, 1 пәтер, Жансүгіров көшесі, 1 үй, 1 пәтер, Майлин көшесі, 1 үй, 2 пәтер, Б.Момышұлы көшесі, 8 үй, 2 пәтер, Победы көшесі, 8 үй, 2 пәтер, Сәтпаев көшесі, 19 үй, 2 пәтер, Сәтпаев көшесі, 20 үй, Сәтпаев көшесі, 37 үй, 2 пәтер, Сәтпаев көшесі, 9 үй, 1 пәтер, Строительная көшесі, 3 үй, 1 пәтер, Чапаев көшесі, 30 үй, 1 пәтер, Шақшақ Жәнібек көшесі, 12 үй, Шақшақ Жәнібек көшесі, 17 үй, 2 пәтер шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Науырзым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.