Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в Конституционный закон Республики Казахстан «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан»

Заң · № 19-VII · қабылданған 20.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153722/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в Конституционный закон Республики Казахстан «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан» Қолданыста Заң ·№ 19-VII ·20.03.2021
20.03.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в Конституционный закон Республики Казахстан «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан»

Қолданыста Заң ·№ 19-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в Конституционный закон Республики Казахстан «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19-VII
Қабылданған күні
20.03.2021
Көрсетілген редакция
20.03.2021 153722_516431.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2100000019
ЭКБ идентификаторы
153722
Редакция идентификаторы
153722_516431
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:07

0 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1

1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; № 14, 47-құжат; № 21, 103-құжат; 2018 ж., № 24, 92-құжат; 2019 ж., № 3-4, 11-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1) 11-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «сот алқасы облыстық соттың органдары болып табылады.» деген сөздер «сот алқасы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (Қазақстан Республикасының Әскери сотын қоспағанда) облыстық соттың органдары болып табылады.»;

2 2) 18-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.»;

3 3) 29-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтілдің болуы, тағылымдамадан өту, біліктілік емтиханын тапсыру, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қорытындысының қажеттігі туралы талаптар Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатқа, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 30-бабы 4-тармағының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда қолданылмайды.».

2 2-бап. Осы Конституциялық заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасын қоспағанда, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы