Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Сибинка и ее малых притоков в створе земельных участков, расположенных в Уланском районе Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 79 · қабылданған 16.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153745/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Сибинка и ее малых притоков в створе земельных участков, расположенных в Уланском районе Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 79 ·16.03.2021
16.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Сибинка и ее малых притоков в створе земельных участков, расположенных в Уланском районе Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 79 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Сибинка и ее малых притоков в створе земельных участков, расположенных в Уланском районе Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында орналасқан жер учаскелері тұстамасындағы Сибинка өзені және оның кіші салаларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
79
Қабылданған күні
16.03.2021
Көрсетілген редакция
16.03.2021 153745_514212.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21V0008468
ЭКБ идентификаторы
153745
Редакция идентификаторы
153745_514212
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:12

0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында орналасқан жер учаскелері тұстамасындағы Сибинка өзені және оның кіші салаларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында орналасқан жер учаскелері тұстамасындағы Сибинка өзені және оның кіші салаларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында орналасқан жер учаскелері тұстамасындағы Сибинка өзені және оның кіші салаларының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2021 жылғы «___»_______________

10 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында орналасқан жер учаскелері тұстамасындағы Сибинка өзені және оның кіші салаларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 79 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында орналасқан жер учаскелері тұстамасындағы Сибинка өзені және оның кіші салаларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймақтары
Су қорғау белдеулері
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Сибинка өзені және оның кіші салалары (оң және сол жағалау)
15,363
558,115
53-500
20,410
77,567
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтарымен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы