Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам ведения бухгалтерского учета

Қаулы · № 28 · қабылданған 15.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153758/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам ведения бухгалтерского учета Қолданыста Қаулы ·№ 28 ·15.03.2021
15.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам ведения бухгалтерского учета

Қолданыста Қаулы ·№ 28 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам ведения бухгалтерского учета
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
28
Қабылданған күні
15.03.2021
Көрсетілген редакция
15.03.2021 153758_514874.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022383
ЭКБ идентификаторы
153758
Редакция идентификаторы
153758_514874
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:14

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) және 64) тармақшаларына сәйкес, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

2 2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Касенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева А.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 28 Қаулыға
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

1

1. «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің № 12 жинағында 2008 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
2-тарауда:
1-параграфта:
1280 10 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1280 11 шотпен толықтырылсын:
«1280 11
Се­нім­гер­лік бас­қа­ру­ға бе­рі­л­ген зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бой­ын­ша та­лап­тар»;
1280 45 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1280 63 шотпен толықтырылсын:
«1280 63
Но­ми­нал­ды кі­рі­сті­лік көр­сет­кі­ші мен кі­рі­сті­лік­тің ең аз мәні ара­сын­да­ғы те­ріс ай­ыр­ма­ны өтеу жө­нін­де­гі та­лап­тар»;
3-параграфта:
3390 68 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3390 69 шотпен толықтырылсын:
«3390 69
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын се­нім­гер­лік бас­қа­ру­ға ауда­ру жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­лер»;
3390 70 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3390 71 шотпен толықтырылсын:
«3390 71
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­дің ең­бек­ші­ле­ріне (от­ба­сы мү­ше­ле­ріне) зей­не­та­қы­лар мен зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жет­кі­зу жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­лер»;
6-параграфта:
6110 62 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 6110 63 шотпен толықтырылсын:
«6110 63
Те­ріс ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­ны өтеу»;
6240 62 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«6240 62
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша құ­ры­л­ған ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қал­пы­на кел­ті­ру­ден (жо­ю­дан) түс­кен кі­рі­стер»;
6240 62 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 6240 63 шотпен толықтырылсын:
«6240 63
Но­ми­нал­ды кі­рі­сті­лік көр­сет­кі­ші мен кі­рі­сті­лік­тің ең аз мәні ара­сын­да­ғы те­ріс ай­ыр­ма­ны өтеу бой­ын­ша кі­рі­стер»;
7-параграфта:
7440 61 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«7440 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қа­лып­та­сты­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар»;
3-тарауда:
1-параграфта:
1280 10 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1280 11 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
«1280 11 «Сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары бойынша талаптар» (актив).
Мақсаты: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сенімгерлік басқаруға берген ақша сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары бойынша талаптардың сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік басқаруға берілген талаптардың сомалары есептен шығарылады.»;
1280 45 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1280 63 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
«1280 63 «Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптар» (актив).
Мақсаты: инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі көрсеткішінің ауытқуы нәтижесінде туындаған теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптардың сомаларын және зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәнін есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша талаптар сомасы олар туындаған кезде жазылады.
Шоттың кредиті бойынша теріс айырманы өтеу кезінде талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.»;
3390 61 шотының сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақсаты: жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар алдындағы зейнетақы жинақтарын төлеу жөніндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы алу жөніндегі міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының алушылар алдындағы зейнетақы жинақтарын төлеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы алу бойынша міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтары бойынша міндеттемелерінің сомаларын оларды алушыға төлеу кезінде, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында оларды біржолғы алып қою кезінде есептен шығару жазылады.»;
3390 65 шотының сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақсаты: салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомаларын есепке алу (талдамалық есепке алу міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушылар бөлінісінде бөлек жүргізіледі).
Шоттың кредиті бойынша түскен зейнетақы жарналарының, басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдардың, инвестициялық кірістің және басқа да түсімдердің сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру немесе басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына және сақтандыру ұйымдарына аудару кезінде зейнетақы жинақтарының сомалары есептен шығару жазылады.»;
3390 68 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 69 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
«3390 69 «Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару бойынша міндеттемелер» (пассив).
Мақсаты: жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару бойынша міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару бойынша міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын есептен шығару жазылады.»;
3390 70 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 71 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
«3390 71 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне (отбасы мүшелеріне) зейнетақылар мен зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының аумағында жеткізу жөніндегі міндеттемелер» (пассив).
Мақсаты: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еңбекшілерінің (отбасы мүшелерінің) Қазақстан Республикасының аумағындағы зейнетақылары мен зейнетақы жинақтарының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еңбекшілерінің (отбасы мүшелерінің) Қазақстан Республикасының аумағында келіп түскен зейнетақыларының және зейнетақы жинақтарының сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне (отбасы мүшелеріне) зейнетақы мен зейнетақы жинақтарының сомаларын Қазақстан Республикасының аумағында есептен шығару жазылады.»;
6110 62 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6110 63 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
«6110 63 «Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу».
Мақсаты: теріс комиссиялық сыйақы сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің теріс мәні кезінде туындаған теріс комиссиялық сыйақы сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын есептен шығару № 5610 баланстық шотқа жазылады.»;
6240 62 шотының атауы мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6240 62 «Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) кірістер».
Мақсаты: амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған қалпына келтірілген (жойылған) резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) кіріс сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын есептен шығару № 5610 баланстық шотқа жазылады.»;
6240 62 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6240 63 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
«6240 63 «Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша кірістер».
Мақсаты: инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі көрсеткіші ауытқуы нәтижесінде туындаған өтелетін теріс айырма және зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні бойынша кіріс сомасын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша өтелетін теріс айырма бойынша кірістің сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын есептен шығару № 5610 баланстық шотқа жазылады.»;
7440 61 шотының атауы мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7440 61 «Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар».
Мақсаты: амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстардың сомалары есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 5610 баланстық шотына есептен шығару жүргізіледі.»;

2

2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 қазанда «Заң газеті» газетінде № 159 (2149) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Ерікті зейнетақы жарналарының сомасына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы түсуіне мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт
1060 61
Ағым­да­ғы шот­та­ғы (ин­ве­сти­ци­я­лық шот) ақ­ша­лай қа­ра­жат (зей­не­та­қы ак­тив­те­рі)
Кт
3390 65
Же­ке зей­не­та­қы шот­та­рын­да­ғы зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Зейнетақы жинақтарын басқа Қорларға және (немесе) сақтандыру ұйымдарына төлеу және аудару кезінде және зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) инвестициялық шоттан төлемдер шотына аудару сомасына:
Дт
1060 62
Ағым­да­ғы шот­та­ғы (тө­лем­дер шо­ты) ақ­ша­лай қа­ра­жат (зей­не­та­қы ак­тив­те­рі)
Кт
1060 61
Ағым­да­ғы шот­та­ғы (ин­ве­сти­ци­я­лық шот) ақ­ша­лай қа­ра­жат (зей­не­та­қы ак­тив­те­рі);
2) салымшы (алушы) алдындағы міндеттемелер сомасына:
Дт
3390 65
Же­ке зей­не­та­қы шот­та­рын­да­ғы зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры
Кт
3390 61
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын тө­леу бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер
3390 62
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын бас­қа жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қор­ла­ры­на ауда­ру бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер
3390 63
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын сақ­тан­ды­ру ұй­ым­да­ры­на ауда­ру бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер
3390 69
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын се­нім­гер­лік бас­қа­ру­ға ауда­ру бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер;
3) нақты төлеу кезінде:
Дт
3390 61
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын тө­леу бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер
3390 62
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын бас­қа жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қор­ла­ры­на ауда­ру бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер
3390 63
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын сақ­тан­ды­ру ұй­ым­да­ры­на ауда­ру бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер
Кт
1060 62
Ағым­да­ғы шот­та­ғы (тө­лем­дер шо­ты) ақ­ша­лай қа­ра­жат (зей­не­та­қы ак­тив­те­рі)
3120
Же­ке та­быс са­лы­ғы;
4) сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары бойынша талаптар сомасына:
Дт
1280 11
Се­нім­гер­лік бас­қа­ру­ға бе­рі­л­ген зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бой­ын­ша та­лап­тар
Кт
3390 65
Же­ке зей­не­та­қы шот­та­рын­да­ғы зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры;
5) зейнетақы жинақтарын кастодиандар арасында аудару кезінде:
Дт
3390 69
Зей­не­та­қы жи­нақ­та­рын се­нім­гер­лік бас­қа­ру­ға ауда­ру бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер
Кт
1060 61
Ағым­да­ғы шот­та­ғы (ин­ве­сти­ци­я­лық шот) ақ­ша­лай қа­ра­жат (зей­не­та­қы ак­тив­те­рі),
бірмезгілде:
Дт
1060 61
Ағым­да­ғы шот­та­ғы (ин­ве­сти­ци­я­лық шот) ақ­ша­лай қа­ра­жат (зей­не­та­қы ак­тив­те­рі)
Кт
1280 11
Се­нім­гер­лік бас­қа­ру­ға бе­рі­л­ген зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры бой­ын­ша та­лап­тар.»;
30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың құнсыздануынан шығындарды жабуға резервтер (провизиялар) құрылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт
7440 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қа­лып­та­сты­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
Кт
1290 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын қар­жы ак­тив­те­рі бой­ын­ша зи­ян­ды өте­у­ге ар­нал­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар).
31. Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған зиянды өтеуге арналған резервтер (провизиялар) азайған (жойылған) кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт
1290 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын қар­жы ак­тив­те­рі бой­ын­ша зи­ян­ды өте­у­ге ар­нал­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар)
Кт
6240 62
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша құ­ры­л­ған ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қал­пы­на кел­ті­ру­ден (жо­ю­дан) түс­кен кі­рі­стер.»;
33 және 33-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Эмитент амортизацияланған құны бойынша бағаланатын резервтер (провизиялар) есебінен есептен шығарылған бағалы қағаздардың құнын өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт
1060 61
Ағым­да­ғы шот­та­ғы (ин­ве­сти­ци­я­лық шот) ақ­ша қа­ра­жа­ты (зей­не­та­қы ак­тив­те­рі)
Кт
6240 62
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша құ­ры­л­ған ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қал­пы­на кел­ті­ру­ден (жо­ю­дан) түс­кен кі­рі­стер.
33-1. Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын және қалыптастырылған резервтер есебінен бұрын есептен шығарылған бағалы қағаздардың құнын қалпына келтіру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) қысқа мерзімді бағалы қағаздар бойынша:
талаптар сомасына:
Дт
1130 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын қы­сқа мер­зім­ді қар­жы ак­тив­те­рі
1270 01
Са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша сый­а­қы тү­рін­де есеп­тел­ген кі­рі­стер
Кт
1290 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын қар­жы ак­тив­те­рі бой­ын­ша зи­ян­ды жа­бу­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар),
және бір мезгілде бағалы қағаздар құнын қалпына келтіру сомасына:
Дт
1290 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын қар­жы ак­тив­те­рі бой­ын­ша зи­ян­ды жа­бу­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар)
Кт
6240 62
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша құ­ры­л­ған ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қал­пы­на кел­ті­ру­ден (жо­ю­дан) түс­кен кі­рі­стер;
2) ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша:
талаптар сомасына:
Дт
2020 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын ұзақ мер­зім­ді қар­жы ак­тив­те­рі
2170 01
Са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша сый­а­қы тү­рін­де есеп­тел­ген кі­рі­стер
Кт
1290 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын қар­жы ак­тив­те­рі бой­ын­ша зи­ян­ды жа­бу­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар),
және бір мезгілде бағалы қағаздар құнын қалпына келтіру сомасына:
Дт
1290 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын қар­жы ак­тив­те­рі бой­ын­ша зи­ян­ды жа­бу­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар)
Кт
6240 62
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша құ­ры­л­ған ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қал­пы­на кел­ті­ру­ден (жо­ю­дан) түс­кен кі­рі­стер.»;
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Инвестициялық кірісті қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) бар кіріс сомасына:
Дт
6110 01
Са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша сый­а­қы алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
6110 03
Са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша дис­конт амор­ти­за­ци­я­сы­на бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
6110 04
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­мен «ке­рі РЕ­ПО» опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша сый­а­қы алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
6110 05
Ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар бой­ын­ша дис­конт амор­ти­за­ци­я­сы бой­ын­ша кі­рі­стер
6110 29
Та­лап еті­л­ген­ге дей­ін­гі са­лым­дар бой­ын­ша сый­а­қы алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
6110 30
Мер­зім­ді са­лым­дар бой­ын­ша сый­а­қы алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
6110 31
Шар­тты са­лым­дар бой­ын­ша сый­а­қы алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
6110 34
Сый­а­қы алу­ға бай­ла­ны­сты бас­қа да кі­рі­стер
6110 35
Жи­нақ са­лым­да­ры бой­ын­ша сый­а­қы алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­стер
6110 63
Те­ріс ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­ны өтеу
6110 64
Сырт­қы бас­қа­ру­да­ғы ак­тив­тер бой­ын­ша кі­рі­стер
6150 01
Өзге­рі­сте­рі пай­да­ның неме­се зи­ян­ның құ­ра­мын­да көр­се­ті­ле­тін әділ құ­ны бой­ын­ша есеп­ке алы­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар құ­ны­ның өзге­ру­і­нен түс­кен кі­рі­стер
6240 02
Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­де және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар бой­ын­ша құ­ры­л­ған ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қал­пы­на кел­ті­ру­ден (жо­ю­дан) түс­кен кі­рі­стер
6240 62
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша құ­ры­л­ған ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қал­пы­на кел­ті­ру­ден (жо­ю­дан) түс­кен кі­рі­стер
6240 63
Но­ми­нал­ды кі­рі­сті­лік көр­сет­кі­ші мен кі­рі­сті­лік­тің ең тө­мен­гі мәні ара­сын­да­ғы те­ріс ай­ыр­ма­ны өтеу бой­ын­ша кі­рі­стер
6250 02
Ше­тел ва­лю­та­сын қай­та ба­ға­ла­удан түс­кен кі­рі­стер
6280 01
Та­зар­ты­л­ған ба­ға­лы ме­тал­дар­ды са­ту­дан түс­кен кі­рі­стер
6280 05
Та­зар­ты­л­ған ба­ға­лы ме­тал­дар­ды қай­та ба­ға­ла­удан түс­кен кі­рі­стер
6280 07
Бас­қа да кі­рі­стер
6280 09
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­тып алу-са­ту­дан түс­кен кі­рі­стер
6290 09
Фью­черс мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша кі­рі­стер
6290 10
Фор­вард мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша кі­рі­стер
6290 11
Оп­ци­он мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша кі­рі­стер
6290 13
Своп мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша кі­рі­стер
Кт
5610
Есеп­ті жыл­да­ғы бө­лін­бе­ген пай­да (өтел­ме­ген зи­ян);
2) бар шығыс сомасына:
Дт
5610
Есеп­ті жыл­да­ғы бө­лін­бе­ген пай­да (өтел­ме­ген зи­ян)
Кт
7310 02
Са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша сый­лы­қа­қы амор­ти­за­ци­я­сы­на бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
7310 10
Ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар бой­ын­ша сый­лы­қа­қы амор­ти­за­ци­я­сы бой­ын­ша шы­ғы­стар
7310 25
Сый­а­қы тө­ле­у­ге бай­ла­ны­сты бас­қа да шы­ғы­стар
7430 02
Ше­тел ва­лю­та­сын қай­та ба­ға­ла­удан болған шы­ғы­стар
7440 02
Ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар бой­ын­ша ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қа­лып­та­сты­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
7440 61
Амор­ти­за­ци­я­лан­ған құ­ны бой­ын­ша ба­ға­ла­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша құ­ры­л­ған ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) құ­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
7440 62
Сырт­қы бас­қа­ру­да­ғы ак­тив­тер бой­ын­ша шы­ғы­стар
7470 01
Та­зар­ты­л­ған ба­ға­лы ме­тал­дар­дың ба­лан­стық құ­ны
7470 03
Өзге­рі­сте­рі пай­да­ның неме­се зи­ян­ның құ­ра­мын­да көр­се­ті­ле­тін әділ құ­ны бой­ын­ша есеп­ке алы­на­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар құ­ны­ның өзге­ру­і­нен болған шы­ғы­стар
7470 07
Та­зар­ты­л­ған ба­ға­лы ме­тал­дар­ды қай­та ба­ға­ла­удан болған шы­ғы­стар
7470 10
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­тып алу-са­ту­дан болған шы­ғы­стар
7470 27
Бас­қа да ко­мис­си­я­лық шы­ғы­стар
7470 81
Қор бир­жа­сы­ның қыз­мет­те­рі үшін ко­мис­си­я­лық шы­ғы­стар
7470 82
Бро­кер­лік және ди­лер­лік қыз­мет бой­ын­ша ко­мис­си­я­лық шы­ғы­стар
7480 09
Фью­черс мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша шы­ғы­стар
7480 10
Фор­вард мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша шы­ғы­стар
7480 11
Оп­ци­он мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша шы­ғы­стар
7480 13
Своп мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша шы­ғы­стар.»;
мынадай мазмұндағы 12-тараумен толықтырылсын:
«12-тарау. Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі
93. Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талапты есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша есептелген талап сомасына:
Дт
1280 63
Но­ми­нал­ды кі­рі­сті­лік көр­сет­кі­ші мен кі­рі­сті­лік­тің ең аз мәні ара­сын­да­ғы те­ріс ай­ыр­ма­ны өтеу жө­нін­де­гі та­лап­тар
Кт
6240 63
Но­ми­нал­ды кі­рі­сті­лік көр­сет­кі­ші мен кі­рі­сті­лік­тің ең аз мәні ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­ны өтеу бой­ын­ша кі­рі­стер;
2) өтемді алған кезде:
Дт
1060 61
Ағым­да­ғы шот­та­ғы ақ­ша (зей­не­та­қы ак­тив­те­рі) (ин­ве­сти­ци­я­лық шот)
Кт
1280 63
Но­ми­нал­ды кі­рі­сті­лік көр­сет­кі­ші мен кі­рі­сті­лік­тің ең аз мәні ара­сын­да­ғы те­ріс ай­ыр­ма­ны өтеу жө­нін­де­гі та­лап­тар.»;

3

3. «Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7978 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда № 818-823 (27894) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларында:
3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) үлгі шот жоспарлары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларымен бекітілген бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарлары:
«Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген);
«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген);
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген);».

4

4. «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8765 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда № 163 (2364) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Шетел валютасымен көрсетілген монетарлы қаржы активтері «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша күн сайын қайта бағаланады.
Шетел валютасымен көрсетілген монетарлы емес қаржы активтері «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша қаржы құралының әділ құнын бағалау күніне қайта бағаланады.
Қаржы активтері бойынша оң және теріс бағамдық айырмалар кіріс немесе шығыс құрамында танылады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қордың қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ұсынылады.
Қордың жылдық қаржылық есептілігі ағымдағы жылдың деректерін және кемінде өткен жылдың салыстырмалы деректерін қамтиды.
Қордың зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілігі қордың меншікті активтері бойынша қаржылық есептіліктен бөлек жасалады.
Зейнетақы активтері бойынша жасалатын жылдық қаржылық есептілік таза зейнетақы активтері туралы есептен, таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.
Таза зейнетақы активтері туралы есеп зейнетақы активтері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы ақпаратты көрсетеді.
Түсіндірме жазба таза зейнетақы активтері туралы есептің және таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептің деректерін толықтыратын ақпаратты қамтиды.
Түсіндірме жазба жылдық қаржылық есептілікке ескертулер түрінде жасалады және қордың қаржылық есептілігінде ашып көрсетілген бухгалтерлік баптардың сипаты немесе егжей-тегжейлі талдамалары, сондай-ақ қордың қаржылық есептілігінде тануға жатпайтын бухгалтерлік баптар туралы ақпаратты қамтиды.
Түсіндірме жазбада хеджирлеу құралы және оған байланысты хеджирленетін бап, хеджирленетін тәуекелдің сипаты, сондай-ақ хеджирлеу құралының тиімділігін бағалау туралы ақпарат көрсетіледі.
Жылдық қаржылық есептілікте қаржы құралдары бойынша ақпарат жариялаған кезде қаржы құралдарының әділ құнын айқындау Бағалау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.».

5

5. «Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15084 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 мамырда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының (айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есеп жүргізуін автоматтандыру тәртібін айқындайды.».

Қолданыстағы