Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в административно-территориальное устройство некоторых населенных пунктов Жангалинского района Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 48 · қабылданған 19.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153779/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в административно-территориальное устройство некоторых населенных пунктов Жангалинского района Западно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 48 ·19.03.2021
19.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в административно-территориальное устройство некоторых населенных пунктов Жангалинского района Западно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 48 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в административно-территориальное устройство некоторых населенных пунктов Жангалинского района Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
48
Қабылданған күні
19.03.2021
Көрсетілген редакция
19.03.2021 153779_514674.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21Z0006862
ЭКБ идентификаторы
153779
Редакция идентификаторы
153779_514674
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:08

0 Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Жаңақала ауданы әкімдігі мен Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 желтоқсандағы №176 және 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №57-3 «Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне және Батыс Қазақстан облысының мәслихатына Жаңақала ауданының кейбір елді мекендерін тарату жөнінде ұсыныс енгізу туралы» бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

таратылсын:
Жаңажол ауылдық округінің Теңдік елді мекені;
Жаңақазан ауылдық округінің Балдырған елді мекені;
Көпжасар ауылдық округінің Үштас елді мекені;
С.Мендешев ауылдық округінің Балғын және Карташово елді мекендері;
бағыныстылығы өзгертілсін:
таратылған Жаңажол ауылдық округінің Теңдік елді мекенінің бағыныстылығы Жаңажол ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;
таратылған Жаңақазан ауылдық округінің Балдырған елді мекенінің бағыныстылығы Жаңақазан ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;
таратылған Көпжасар ауылдық округінің Үштас елді мекенінінің бағыныстылығы Көпжасар ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;
таратылған С.Мендешев ауылдық округінің Балғын және Карташово елді мекендерінің бағыныстылығы С.Мендешев ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін.

2 2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Жоламанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жаряланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы