Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 52 · қабылданған 25.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153784/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 52 ·25.03.2021
25.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 52 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
52
Қабылданған күні
25.03.2021
Көрсетілген редакция
25.03.2021 I153784_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21CM008150
ЭКБ идентификаторы
153784
Редакция идентификаторы
I153784_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:04

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шалқар ауданы, Бершүгір ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы көлемі 20020 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, «Tay-Ken Samuryq» Ulttyq tay-ken kompaniasy» акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау үшін 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

2 2. «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы