Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельный участок
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 536
- Қабылданған күні
- 26.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2021 153871_515071.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NA009840
- ЭКБ идентификаторы
- 153871
- Редакция идентификаторы
- 153871_515071
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:02
0 Жер учаскесіне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына «Өздігінен ағатын кәріз коллекторын реконструкциялау» объектісі бойынша инженерлік желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында Қостанай қаласындағы Джангильдин көшесінде, Строительная көшесінен В. М. Комаров - Соколовская көшелерінің қиылысына дейін орналасқан, жалпы алаңы 0,5676 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.