Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Наурзумского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Наурзумского района
- Атауы (қаз.)
- Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 64
- Қабылданған күні
- 30.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2023 153981_617510.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NP009843
- ЭКБ идентификаторы
- 153981
- Редакция идентификаторы
- 153981_617510
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:59
0 Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Науырзым аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгiленсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Науырзым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Науырзым
ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 64 қаулысына
1-қосымша
Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Қарамеңді ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің Докучаев жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
«Арман» мәдени-демалыс орталығы ғимаратының жанындағы тақта;
«Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
Қостанай облысы әкімдігі басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Науырзым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
2
Шолақсай ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің Шолақсай жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
«Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
3
Қожа ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің Науырзым жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
ауыл клубы ғимаратының жанындағы тақта
4
Шилі ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің Шилі жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
5
Дәмді ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің Дәмді жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
6
Мереке ауылы
Ауыл клубы ғимаратының жанындағы тақта
7
Өлеңді ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің Өлеңді негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
8
Раздольное ауылы
«Науырзым ауданы Раздольное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
9
Буревестник ауылы
«Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің Буревестник жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
9 Әкімдіктің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
Әкімдіктің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 64 қаулысына
2-қосымша
Әкімдіктің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
1 1. Әкімдіктің «Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-115 болып тіркелген).
2
2. Әкімдіктің «Әкімдіктің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 «Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4669 болып тіркелген).
3
3. Әкімдіктің «Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 «Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 169 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7277 болып тіркелген).
4
4. Әкімдіктің «Әкімдіктің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 «Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 6 ақпандағы № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8967 болып тіркелген).