Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления товарной биржей отчетов антимонопольному органу

Бұйрық · № 5 · қабылданған 31.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153997/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления товарной биржей отчетов антимонопольному органу Қолданыста Бұйрық ·№ 5 ·31.03.2021
01.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления товарной биржей отчетов антимонопольному органу

Қолданыста Бұйрық ·№ 5 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления товарной биржей отчетов антимонопольному органу
Атауы (қаз.)
Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
31.03.2021
Көрсетілген редакция
01.07.2025 153997_764594.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022439
ЭКБ идентификаторы
153997
Редакция идентификаторы
153997_764594
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:56

0 Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі Төрағасының
2021-жылғы 31 наурыздағы
№5
бұйрығымен бекітілген
Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-3-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) биржалық брокер (бұдан әрі – брокер) – өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесінде биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;

2 2) биржалық дилер (бұдан әрі – дилер) – тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауармен өз мүдделері үшін және өз есебінен мәмілелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;

3 3) биржалық мәмілелер – биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржа саудасы қағидаларына сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа қатысушылармен жасалатын мәмілелер;

4

4) биржалық тауар – биржа тауарларының тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржа тауарларының тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан да бір-біріне сәйкес келеді, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдауыштардан тұрады, түрлі өндірушілерден шыққан партиялардың бірін-бірі толық алмастыру қасиетіне ие болады;

5 5) маркет-мейкер – баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға.

2 2-тарау. Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну тәртібі

3 3. Тауар биржасы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы монополияға қарсы органға есеп жібереді.

4 4. Өткізілген биржадағы сауда-саттық бойынша есеп осы Қағидаларға қосымша сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

5 5. Өткізілген биржадағы сауда-саттық бойынша есепті толтыру бойынша түсініктеме Өткізілген биржадағы сауда-саттық бойынша есеп нысанына қосымшада көзделген.

1.1 Тауар биржасының монополияға

қарсы органға
есептерді ұсыну қағидаларына
қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: монополияға қарсы органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk?lang=kk.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Өткізілген биржадағы сауда-саттықтар бойынша есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- (ӨБС).
Кезеңділік: айлық.
Есепті кезең: 20__ жылғы __ ай.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: тауар биржалары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей.
БСН:
Жинау әдісі: Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Р/с №
ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды
Та­у­ар түр­ле­рі бой­ын­ша
Бир­жа­лық мәмі­ле
Бир­жа­лық та­у­ар
Өт­кі­зу кү­ні, уа­қы­ты
Мәмі­ле нө­мі­рі
Ата­уы
Та­у­ар са­ны
Лот­тың мөл­ше­рі
Лот­тың өл­шем бір­лі­гі
Бір­лі­кү­шін ба­за­лық ба­ға
Бір­лік үшін мәмі­ле ба­ға­сы
Бір­лік ба­ға­сы­ның өсуі неме­се тө­мен­де­уі %
Мәмі­ле со­ма­сы
Лот­тар са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Жа­сал­ған мәмі­ле­лер­дің жал­пы кө­ле­мі, тең­ге
кестеннің жалғасы
Бир­жа са­уда­сы­на қа­ты­су­шы
Са­тып алушы
Са­ту­шы
Са­тып алушы­ның және (неме­се) ди­лер­дің ата­уы
Бро­кер­дің ата­уы
Мар­кет-мей­кер ата­уы
Са­ту­шы­ның және (неме­се) ди­лер­дің ата­уы
Бро­кер­дің ата­уы
Мар­кет-мей­кер ата­уы
15
16
17
18
19
20
Тауар биржасының атауы мен мекенжайы: __________________________
Телефоны: __________________________
Электрондық пошта: ____________________________
Орындаушы:
_____________________________________________________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Басшы немесе оны алмастыратын адам:
__________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Жасалған күні:
«__»________ 20__ жыл

1.2 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Өткізілген биржадағы сауда-саттық
бойынша есеп нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Өткізілген биржадағы сауда-саттық бойынша есеп

1 1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме тауар биржаларының өткізілген биржадағы сауда-саттық бойынша есебін жасауға және ұсынуға арналған.

2 2. Нысанды ақпаратты құрастыруға жауапты қызметкер толтырады және бірінші басшының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлғаның қолымен ұсынылады.

3 3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

4 4. Нысанның 2-бағанында Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды көрсетіледі.

5 5. Нысанның 3-бағанында тауарлардың түрлері бойынша мәліметтер көрсетіледі.

6 6. Нысанның 4-5-бағандарында биржалық мәміленің уақыты мен нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі.

7 7. Нысанның 6-14-бағандарында тауардың атауы, саны, лоттың мөлшері, лоттың өлшем бірлігі, бірлік үшін базалық баға, бірлік үшін мәміле бағасы, пайыздық қатынаста тауар бірлігі бағасының өсуі немесе төмендеуі, мәміле сомасы, лоттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

8 8. Нысанның 15-20-бағандарында биржадағы сауда-саттыққа қатысушы туралы мәліметтер көрсетіледі: сатып алушы (сатып алушының және (немесе) дилердің атауы, брокердің атауы, маркет-мейкер атауы), сатушы (сатушының және (немесе) дилердің атауы), брокердің атауы, маркет-мейкер атауы).

9 9. «Жасалған мәмілелердің жалпы көлемі, теңге» деген жолда жасалған мәмілелердің жалпы көлемі туралы мәліметтер теңгемен көрсетіледі.

Қолданыстағы