Құжат мәтініне өту

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Ескельдинского района

Қаулы · № 82 · қабылданған 25.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154039/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Ескельдинского района Қолданыста Қаулы ·№ 82 ·25.03.2021
25.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Ескельдинского района

Қолданыста Қаулы ·№ 82 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Ескельдинского района
Атауы (қаз.)
Ескелді ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
82
Қабылданған күні
25.03.2021
Көрсетілген редакция
25.03.2021 154039_516954.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21DI005912
ЭКБ идентификаторы
154039
Редакция идентификаторы
154039_516954
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:06

0 Ескелді ауданының мемлекеттік тұрғын үй

қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7232 тіркелген) сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ескелді ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1)осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2)осы қаулыны Ескелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Е. Ахметовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысына

1-қосымша
Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы Ломоносова көшесі № 21 үйде орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына
1 шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл. Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2011 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А= Ц/Т/12
Ц = 206 080 000 теңге/ 2157,80 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) = 95 504,68 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т = 140 жыл;
А = 95 504,68 : 140 : 12 = 56,85 теңге бір шаршы метр үшін айына.

8 Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысына

2-қосымша
Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы Панфилов көшесі № 120 үйде орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына
1 шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл. Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2011 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А= Ц/Т/12
Ц = 223 524 734 теңге/ 5730,20 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) = 39 008,19 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т = 140 жыл;
А = 39 008,19 : 140 : 12 = 23,22 теңге бір шаршы метр үшін айына.

Қолданыстағы