Құжат мәтініне өту

О реорганизации акционерных обществ «Казавиаспас» и «Өрт сөндіруші»

Қаулы · № 180 · қабылданған 30.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154049/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О реорганизации акционерных обществ «Казавиаспас» и «Өрт сөндіруші» Қолданыста Қаулы ·№ 180 ·30.03.2021
30.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации акционерных обществ «Казавиаспас» и «Өрт сөндіруші»

Қолданыста Қаулы ·№ 180 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации акционерных обществ «Казавиаспас» и «Өрт сөндіруші»
Атауы (қаз.)
«Қазавиақұтқару» және «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
180
Қабылданған күні
30.03.2021
Көрсетілген редакция
30.03.2021 154049_515805.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000180
ЭКБ идентификаторы
154049
Редакция идентификаторы
154049_515805
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:00

0 «Қазавиақұтқару» және «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы оған «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2

2. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі түрлері төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласында авиациялық қызметтер көрсету, азаматтық авиация саласында өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру, азаматтық қорғау саласында жұмыстар мен қызметтерді орындау, өрттердің және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-68-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-201-жолмен толықтырылсын:
«21-201. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы»;
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-129-жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 295-7-жол алып тасталсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
осы қаулыға 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың, акциялардың мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарының тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын.
___________________

Қолданыстағы