Об упразднении Комитета оборонной промышленности Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении Комитета оборонной промышленности Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 467
- Қабылданған күні
- 19.05.2003
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2012 AI15414_11.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000467_
- ЭКБ идентификаторы
- 15414
- Редакция идентификаторы
- AI15414_11
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:20
0 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.
2
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттi таратуды жүзеге асырсын, Министрлiкке берiлетiн ұйымдастыру техникасы мен автокөлiктi қоспағанда, оның мүлкін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне берудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
4 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1 1) "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен eкі рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 657 қаулысы ;
2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн 43-тармағының өзгертулері (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж. N 35, 327-құжат);
3
3) "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрі сату жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiліктілiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 шілдедегi N 763 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 233-құжат).
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен басып күшiне енедi.
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2003 жылғы 20 мамырдағы
N 467 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.18. N 952 қаулысымен .
3 3. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның ішінде жекешелендiрудің алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнің тiзбесiнде:
1-тармақтағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетінің," деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің," деген сөздермен ауыстырылсын.
4 4. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.12. N 243 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен.
6 6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен.
7 7.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N 614 қаулысымен .