О присвоении наименований безымянным улицам села Кайрат Кайратского сельского округа Уалихановского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований безымянным улицам села Кайрат Кайратского сельского округа Уалихановского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылдық округі Қайрат ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 29.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2021 154210_521586.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21SME07198
- ЭКБ идентификаторы
- 154210
- Редакция идентификаторы
- 154210_521586
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:01
0 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы
Қайрат ауылдық округі Қайрат ауылының атауы жоқ көшелеріне
атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қайрат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес Қайрат ауылдық округі Қайрат ауылының келесі атауы жоқ көшелеріне атаулар берілсін:
№1 атауы жоқ көше – Жамбыл көшесі;
№2 атауы жоқ көше – Бөгенбай батыр көшесі;
№3 атауы жоқ көше – Жүсіпбек Аймауытов көшесі;
№4 атауы жоқ көше – Сәкен Сейфуллин көшесі;
№5 атауы жоқ көше – Ғабит Мүсірепов көшесі;
№6 атауы жоқ көше – Мұхтар Әуезов көшесі;
№7 атауы жоқ көше – Абай көшесі;
№8 атауы жоқ көше – Амангелді Иманов көшесі;
№9 атауы жоқ көше – Смағұл Сәдуақасов көшесі.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Қайрат ауылдық округі әкімінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 10 шешіміне
қосымша