Об утверждении Правил выбора проверяемых лиц с применением системы управления рисками для назначения комплексных выездных таможенных проверок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выбора проверяемых лиц с применением системы управления рисками для назначения комплексных выездных таможенных проверок
- Атауы (қаз.)
- Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 296
- Қабылданған күні
- 02.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2021 154331_527669.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022500
- ЭКБ идентификаторы
- 154331
- Редакция идентификаторы
- 154331_527669
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:49
0 Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабының 11-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 296
бұйрығымен бекітілген
Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді
басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау
қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 418-бабының 11-1-тармағына сәйкес әзірленді және кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1 1) ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
2 2) Комитет – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
3 3) мемлекеттік кірістер органы – Комитет, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдары;
4 4) тәуекелдерді басқару жүйесі – Кодекстің 51-тарауында айқындалған мақсаттарды іске асыру үшін мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін іс-шаралар кешені;
5 5) тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары – кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану мақсаттары үшін кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды бағалау жүргізілетін белгілер жиынтығы.
2 2-тарау. Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібі
3 3. Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тексерілетін тұлғаларды таңдау Кодекстің 452-бабымен көзделген мынадай тәуекел дәрежесі өлшемшарттарының негізінде жүзеге асырылады:
1 1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары;
2 2) Комитет айқындайтын құпия ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары.
4 4. Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тексерілетін тұлғаларды таңдау мақсатында тексерілетін тұлғалардың қызметі туралы ақпаратты жинау және өңдеу жүзеге асырылады.
Тексерілетін тұлғалардың қызметі туралы ақпаратты жинау және өңдеу Кодекстің 89-бабында көзделген талап қою мерзімі шегінде жүзеге асырылады.
Ақпарат көздері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің немесе ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің құзыретті органдарынан алынған ақпараттық ресурстар болып табылады.