Об установлении уровней изъятия для ядерных материалов, радиоактивных веществ и электрофизических установок, подлежащих лицензированию в сфере использования атомной энергии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении уровней изъятия для ядерных материалов, радиоактивных веществ и электрофизических установок, подлежащих лицензированию в сфере использования атомной энергии
- Атауы (қаз.)
- Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялауға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 116
- Қабылданған күні
- 02.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2021 154332_516571.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022501
- ЭКБ идентификаторы
- 154332
- Редакция идентификаторы
- 154332_516571
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:49
0 Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялауға жататын
ядролық материалдар, радиоактивті заттар және
электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін
белгілеу туралы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялауға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлері белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
0 Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялауға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 116
бұйрыққа қосымша
Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялауға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлері
1 1. Ядролық материалдар үшін алып қою деңгейлері:
1 1) уран-235 (бұдан әрі – U-235) изотоптық концентрациясы оның табиғи құрамына тең немесе одан жоғары уран (массасы бойынша ≈0,7 %-ға) және құрамында уран изотоптарының физикалық шамаларының мәндеріне қарамастан табиғи уранды өңдеудің өнімі;
2 2) массасы бойынша плутоний-238 (бұдан әрі – Pu-238) концентрациясы 80 %-дан асатын плутонийдің құрамында плутоний-239 (бұдан әрі – Pu-239) болған жағдайды қоспағанда, кез келген мөлшердегі Pu-239 бар;
3 3) торий-232 грамына уран-233 құрамында 10-7 грамнан астам бар торий.
2 2. Радиоактивті заттар үшін алып қою деңгейлері:
1
1) жабық радионуклидтік сәулелену көзінің белсенділігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерінде көрсетілген маңыздылығы ең аз белсенділіктен (бұдан әрі – МАБ) жоғары болса;
2
2) радионуклидтік сәулелену көздерінің радиациялық сипаттамалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) (бұдан әрі – «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары) 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәндерден жоғары болса.
Ескерту: Осы Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялауға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерінің 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, құрамында белсенділігі МАБ-тан жоғары U-235 және (немесе) белсенділігі МАБ-тан жоғары Pu-239 және массасы бойынша 80 %-дан жоғары Pu-238 плутоний бар болған кезде радиоактивті заттармен жұмыс істеу қызметі радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызмет ретінде лицензияланады.