Об установлении повышенных должностных окладов и тарифных ставок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных должностных окладов и тарифных ставок
- Атауы (қаз.)
- Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4/16-VII
- Қабылданған күні
- 31.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2021 154392_520521.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VS008528
- ЭКБ идентификаторы
- 154392
- Редакция идентификаторы
- 154392_520521
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:56
0 Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар
мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, бюджет қаражаты есебінен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін жергілікті өкiлдi органмен келісу бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайды.