Об утверждении "Правил аттестации судебных исполнителей" и Положения "О центральной аттестационной комиссии"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении "Правил аттестации судебных исполнителей" и Положения "О центральной аттестационной комиссии"
- Атауы (қаз.)
- Сот орындаушылар және приставтарды аттестациялау туралы Ережесі мен Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 19.10.1998
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2010 AI1544_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V980000631_
- ЭКБ идентификаторы
- 1544
- Редакция идентификаторы
- AI1544_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:30
0 Сот орындаушылар және приставтарды аттестациялау туралы Ережесі мен Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрлінің 12.03.2010 № 82 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары туралы Ережені басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Сот орындаушылары мен приставтарды аттестациялау туралы және Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі ұсынылған Ережелер бекітілсін.
1 Орталық аттестациялық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
1998 жылғы қазанның 20
N 111 бұйрығымен
"БЕКІТІЛДІ"
Орталық аттестациялық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1
1. Орталық аттестациялық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) аймақтық, аттестациялық комиссиялардың шешімдеріне жасалған шағымдарды қарау, дәлелді себептермен аймақтық аттестациялық комиссияға екі рет келмеген, келмеуінің дәлелді себептерін растайтын құжаттарымен аттестацияланушының жазбаша өтініші негізінде сот орындаушылар мен приставтарды аттестациядан өткізу.
2 2. Комиссияны Қазақстан Республикасының Әділет Министрі, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі орталық аппаратының бөлім жетекшілері білікті мамандары санынан құрады, оның құрамына Вице-министр - комиссияның төрағасы және басқа жауапты қызметкерлер кіреді.
3 3. Комиссия қызметіне басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Әділет Министрі жүзеге асырады.
4 4. Комиссияның мәжілістері қажеттілікке қарай өткізіледі.
5 5. Аймақтық аттестациялық комиссияның шешіміне шағым, шешімнің көшірмесін алған күннен бастап санағанда, он күн ішінде Комиссияға беріледі.
6 6. Комиссияға берілген шағым тіркеледі және оның қаралу күні өтініш иесіне, комиссия мәжілісі өткізілерден кем дегенде жеті күн бұрын хабарланады.
7
7. Комиссия аймақтық аттестациялық комиссия шешіміне жасалған шағымды, оның және аймақтық комиссиядан талап етілген алғашқы материалдардың түскен күнінен бастап, отыз күн ішінде қарайды, Қазақстан Республикасындағы сот орындаушылар мен приставтарды аттестациядан өткізу туралы Ережеге сәйкес, аттестациядан өткізеді және төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
- сот орындаушы мен приставтың атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы (аймақтық аттестациялық комиссия шешімін бірден бұзумен);
- атқарып отырған лауазымына сәйкес еместігі туралы (аймақтық аттестация комиссиясының шешімімен келісу).
8 8. Комиссия шағымды шағымданушының қатысуынсыз қарауға құқылы.
9 9. Комиссия, шағымданушы адамға, қажет болған жағдайда қосымша сұрақтар бере алады, оған қайтарылатын жауаптар аттестациялық комиссияның ұйғаруымен ауызша немесе жазбаша беріледі.
10 10. Комиссия, мәжілісіне кемінде құрамының үштен екісі қатысқанда ғана, өкілетті болып есептелінеді.
11 11. Егер қатынасушы мүшелерінің басым көпшілігі дауыс берсе, Комиссияның шешімі қабылданды деп есептелінеді.
Дауысқа салу ашық түрде аттестациялаудан өткізілетін адамның қатысуынсыз жүргізіледі.
Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссияның төрағасы қосымша дауыс беруге құқылы.
Қабылданған шешім туралы өтініш иесіне немесе аттестациядан өтушіге жазбаша түрде, дауыс беруден соң бірден хабарланады.