Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

Өзге акт · № 9/2 · қабылданған 30.03.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154412/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Күшін жойған 03.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

Күшін жойған Өзге акт № 9/2 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
Атауы (қаз.)
Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9/2
Қабылданған күні
30.03.2021
Көрсетілген редакция
03.06.2026 154412_822856.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21PA007239
ЭКБ идентификаторы
154412
Редакция идентификаторы
154412_822856
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:00
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарна қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

3. Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» № 379/52 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6410 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының қала құрылысы және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Павлодар қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Павлодар қалалық маслихатының
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 9/2 шешіміне
1-қосымша
Павлодар қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
р/с №
Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері
Автотұрақтардың (паркингтердің) мақсаты
Павлодар қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты
1
Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
1 санат
2
Айыппұл автотұрақтар
Автокөлік құралдарын айыппұл автотұрақтарында сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
3
Су көлік құралдарының тұрақтары
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі су көлік құралдарын сақтау
Су көлік тұрақтарын пайдалану және қызмет көрсету үшін
4
Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының көлік құралдарын мен велокөлік парковкалары
Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының автокөлік құралдарын мен велокөлігін сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
5
Тәулік бойы бір орынға бірнеше жүк машиналары тұрақталатын және тәуліктік немесе сағаттық режим қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк автокөлік құралдарын қысқа мерзімді сақтау
Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін
2 санат
6
Ғимараттардың цокольдық және (немесе) жерасты деңгейлерінде орналасқан және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер), тұрақ орындары
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы негізде сақтау
Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты, имаратты пайдалану және қызмет көрсету үшін
7
Тұрақты бекітілген орындармен күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)
Жыл сайынғы белгіленген төлеммен жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын сақтау
Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
8
Тәулік бойы бір орынға бірнеше жеңіл машина қойылатын және тәуліктік немесе сағаттық тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімді сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
3 санат

7 Автотұрақтарға (паркингтерге) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту

Павлодар қалалық мәслихатының
2021 жылғы «30» наурыздағы
№ 9/2 шешіміне
2-қосымша
Автотұрақтарға (паркингтерге) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту
Автотұрақтың (паркингтің) санаты
Базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту (есеге)
1 санат
1
2 санат
5
3 санат
10