Құжат мәтініне өту

О вопросах создания республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казахская национальная академия хореографии» Министерства культуры и спорта Республики Казахстан

Қаулы · № 227 · қабылданған 09.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154463/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О вопросах создания республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казахская национальная академия хореографии» Министерства культуры и спорта Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 227 ·09.04.2021
04.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах создания республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казахская национальная академия хореографии» Министерства культуры и спорта Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 227 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах создания республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казахская национальная академия хореографии» Министерства культуры и спорта Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
227
Қабылданған күні
09.04.2021
Көрсетілген редакция
04.10.2023 154463_675707.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000227
ЭКБ идентификаторы
154463
Редакция идентификаторы
154463_675707
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:43

0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру
мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің байқау кеңесімен «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.

2 2. Мынадай:

1 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні бастауыш, негізгі орта, кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беруді жүзеге асыру болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге ұсынуды;

2 2) жарғының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында тіркелуін;

3 3) іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. «Қазақ ұлттық хореография академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) таратылсын.

5 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған қоғамның мүлкін заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорынның балансына берсін.

6 6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі таратылатын қоғамның білім алушыларының оқу жылын аяқтауы және оларды кәсіпорынға ауыстыру үшін шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

7 7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

8 8. Осы қаулының 4 және 6-тармақтары орындалғаннан кейін қолданысқа енгізілетін 7-тармақты қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қ.» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-167-жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 224-33-9-жол алып тасталсын.

3 3. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:

аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 45-жолмен толықтырылсын:
«
45
«Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Нұр-Сұлтан қаласы
».

Қолданыстағы