Құжат мәтініне өту

Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Қаулы · № 59 · қабылданған 08.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154466/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары Қолданыста Қаулы ·№ 59 ·08.04.2021
08.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Қолданыста Қаулы ·№ 59 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
59
Қабылданған күні
08.04.2021
Көрсетілген редакция
08.04.2021 154466_517141.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21Z0006932
ЭКБ идентификаторы
154466
Редакция идентификаторы
154466_517141
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:44

0 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 тіркелген) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі Комиссияның ұсынымы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілсін.

2

2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №288 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6534 тіркелген, 2020 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Н. Манкеевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері

Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2021 жылғы «___»
_____________ №____
қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері, теңге литрына
Қолданылу мерзімі
1
Күнбағыс майы
Батыс Қазақстан облысы
624
30 күнтізбелік күн

Қолданыстағы