Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий на территории города Шымкент

Қаулы · № 225 · қабылданған 08.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154467/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий на территории города Шымкент Қолданыста Қаулы ·№ 225 ·08.04.2021
08.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий на территории города Шымкент

Қолданыста Қаулы ·№ 225 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий на территории города Шымкент
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
225
Қабылданған күні
08.04.2021
Көрсетілген редакция
08.04.2021 154467_516795.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21E0000165
ЭКБ идентификаторы
154467
Редакция идентификаторы
154467_516795
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:44

0 Шымкент қаласы

аумағында шектеу
іс-шараларын тоқтату туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 3) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 1 сәуірдегі №03-10/279 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жайлау мөлтек ауданы, Ахметов көшесіне қойылған шектеу іс-шаралары құтыру ауруының ошақтарында жұмыстар аяқталуына байланысты тоқтатылсын.

2

2. «Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы №51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №155 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2021 жылғы 5 ақпандағы электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы