Құжат мәтініне өту

О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана

Қаулы · № 511-1042 · қабылданған 31.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154509/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана Қолданыста Қаулы ·№ 511-1042 ·31.03.2021
31.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана

Қолданыста Қаулы ·№ 511-1042 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана
Атауы (қаз.)
Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
511-1042
Қабылданған күні
31.03.2021
Көрсетілген редакция
31.03.2021 154509_521453.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21A0001319
ЭКБ идентификаторы
154509
Редакция идентификаторы
154509_521453
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:54

0 Нұр-Сұлтан қаласының

кейбір құрамдас бөліктеріне
атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 13 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мыналарға:

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы А21 көшеге – Ұзақбай Құлымбетов көшесі;
жобалық атауы № 231 көшеге – Әнуарбек Байжанбаев көшесі;
жобалық атауы № 23-14 көшеге – Мақтай Сағдиев көшесі;
жобалық атауы А22 көшеге – Кәмен Оразалин көшесі;
жобалық атауы А98 көшеге – Аманжол Бөлекпаев көшесі;
жобалық атауы № 23-7 көшеге – Бәйкен Әшімов көшесі;
жобалық атауы А25 көшеге – Кеңшілік Мырзабеков көшесі;
жобалық атауы А26 көшеге – Нығмет Нұрмақов көшесі;
жобалық атауы № 23-6 көшеге – Рахманқұл Бердібай көшесі;
жобалық атауы А36 көшеге – Салық Зиманов көшесі;
жобалық атауы № 23-30 көшеге – Хиуаз Доспанова көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы Е755 көшеге – Әнет баба көшесі;
жобалық атауы Е16 көшеге – Жұбан Молдағалиев көшесі;
жобалық атауы Е22 көшеге – Роза Бағланова көшесі;
жобалық атауы Е574 көшеге – Бердіқожа батыр көшесі;
жобалық атаулары Е587 және Е619 көшелерді біріктіріп, Уәли Халфин көшесі;
Достық көшесінен басталып, Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін жалғасатын «Қазмедиа орталығы» ғимаратының алдында орналасқан атаусыз көшеге – Қазақ радиосы көшесі деп атау берілсін.

2 2. Мыналар:

Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы бойынша:
Жұмабек Тәшенов көшесі – Жұмабек Тәшенев көшесі;
Павлик Морозов орамы – Сейхун орамы;
Ленинградский орамы – Төрткүл орамы;
Жұмабек Тәшенов орамы – Жұмабек Тәшенев орамы;
Жазық орамының Өндіріс көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ырғайлы орамы;
Гүлзар орамының Саржайлау көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ақжарма орамы;
Ақсеңгір көшесінің Құсжолы көшесінен басталатын бөлігі – Шоқпартас орамы;
Ағадыр көшесінің С613 жобалық көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шилісай орамы;
Ағадыр көшесінің № 8Б үйден басталып, Игілік көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шеңгелді орамы;
Кеншілер көшесінің Кентау көшесінен басталып, Ақшағыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Қарғалы орамы;
Жетісай орамының № 49А үйден басталып, Юрий Малахов көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Үңгіртас орамы;
Ақшағыл көшесінің № 15/2 үйден басталып, Кеншілер көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Тұздыкөл орамы;
Юрий Малахов көшесінің № 12 үйден басталып, Саржайлау көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Түрген орамы;
Саржайлау көшесінің № 9/5 үйден басталып, № 11А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Текелі орамы;
Шыңғырлау көшесінің № 17/1 үйден басталып, № 1А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Тастөбе орамы;
Өзен көшесінің Сусамыр көшесінен басталып, Өндіріс көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Талдыбұлақ орамы;
Қызылжар орамының Жезкиік орамынан басталып, Найзатас орамына дейін жалғасқан бөлігі – Өлеңдісай орамы;
Тасқұдық орамының № 20 үйден басталып, Ынталы көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ойқарағай орамы;
Құрманғазы көшесінің № 50 үйден басталып, № 64 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Жиренкөл орамы;
Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
Ильинка тұрғын алабы және Үркер шағын ауданы – Үркер тұрғын алабы;
Новый аэропорт көшесі – Жаңадария көшесі;
Сығанақ және жобалық атауы Е10 көшелерін біріктіріп, Сығанақ көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:
Пионерская көшесі – Талшын көшесі;
Проезд-52 көшесі – Ақтоғай көшесі;
Мостопоезд-463 көшесі – Жартас көшесі;
Аспара көшесінен басталып, Медеу көшесіне дейін жалғасқан Тарас Шевченко көшесі – Қатонқарағай көшесі;
Екінші Алматы және жобалық атауы С409 көшелерін біріктіріп, Ермек Серкебаев көшесі деп қайта аталсын.

3 3. Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері, «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

4 4. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3 3) осы қаулы және шешім ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы