О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Макатского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Макатского района
- Атауы (қаз.)
- Мақат ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 08.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2021 154518_517700.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21TG004919
- ЭКБ идентификаторы
- 154518
- Редакция идентификаторы
- 154518_517700
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:44
0 Мақат ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мақат ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Шангалаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4 Мақат ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Мақат ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 8 сәуірдегі
№ 62 қаулысына қосымша
Мақат ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 113 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3553 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2
2. Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 106 «Мақат ауданының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4422 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3
3. Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 117 «Мақат ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4
4. Мақат ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 176 «Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 117 «Мақат ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін (К айм) бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4798 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).