Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Каратобинском районе

Қаулы · № 33 · қабылданған 08.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154542/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Каратобинском районе Қолданыста Қаулы ·№ 33 ·08.04.2021
08.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Каратобинском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 33 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Каратобинском районе
Атауы (қаз.)
Қаратөбе ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
33
Қабылданған күні
08.04.2021
Көрсетілген редакция
08.04.2021 154542_518177.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21ZI006955
ЭКБ идентификаторы
154542
Редакция идентификаторы
154542_518177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:44

0 Қаратөбе ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қаратөбе ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің
Қаратөбе ауданының полиция бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________Р.М.Дүйсеғалиев
« » ____________ 2021 жыл.

5 Қаратөбе ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері Көтермелеудің түрлері

Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылдың « » №
қаулысына қосымша
Қаратөбе ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) Құрмет грамотасы;

2 2) Алғыс хат;

3 3) Ақшалай сыйақы.

Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қаратөбе ауданы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

3 3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Қаратөбе ауданының полиция бөлімі» (бұдан әрi – полиция бөлімі) ұсынады.

4 4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

5 5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

Ақшалай сыйақының мөлшерi

6 6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгіленеді және ол 10 еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеу Полиция департаментінің облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргiзіледi.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

9 9. Көтермелеуге ақы төлеуге қаражат Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

10 10. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшін азаматтарға Құрмет грамотасын, Алғыс хатты, ақшалай сыйақы беруді Қаратөбе ауданының полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Қолданыстағы