Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 10 · қабылданған 09.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154543/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 10 ·09.04.2021
09.04.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 10 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
09.04.2021
Көрсетілген редакция
09.04.2021 154543_518190.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21ZBK06956
ЭКБ идентификаторы
154543
Редакция идентификаторы
154543_518190
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:43

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2021 жылғы 7 сәуірдегі №8-12/99 ұсынысы негізінде, Тайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ ауылының әуежай, техникалық колледж, электробекет, зират, орман шаруашылығы, телебекет, автобекет, коммуналдық шаруашылық бағыттарындағы бағымдарында ұсақ мүйізді қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №36 «Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ ауылының кейбір бағыттағы бағымдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6354 тіркелген, 2020 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З.Гапуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы