Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики оценки эффективности вложенных инвестиций в области электроэнергетики

Бұйрық · № 126 · қабылданған 08.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154551/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Методики оценки эффективности вложенных инвестиций в области электроэнергетики Қолданыста Бұйрық ·№ 126 ·08.04.2021
14.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики оценки эффективности вложенных инвестиций в области электроэнергетики

Қолданыста Бұйрық ·№ 126 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики оценки эффективности вложенных инвестиций в области электроэнергетики
Атауы (қаз.)
Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
126
Қабылданған күні
08.04.2021
Көрсетілген редакция
14.10.2024 154551_724929.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022531
ЭКБ идентификаторы
154551
Редакция идентификаторы
154551_724929
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:44

0 Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың

тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 280) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 8 сәуірдегі
№ 126 бұйрығымен
бекітілген
Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 280) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны уәкілетті орган электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау үшін қолданады.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) инвестициялық бағдарлама – жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;

2 2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3 3) электр энергетикасы саласына салынған инвестициялар – электр энергетикасы саласындағы субъектілер инвестициялық бағдарламаларға салған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар есебінен инвестицияларды қоспағанда) жиынтық көлемі;

4 4) электр энергетикасы саласындағы субъект – электр энергиясын өндіру және беру саласында тұтынушыларға қызметтер көрсететін заңды тұлға.

Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

2 2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы субъектілер салған инвестициялардың тиімділігін бағалау

3 3. Электр энергетикасы саласындағы субъектілер салған инвестициялардың тиімділігін бағалау:

1

1) энергия беруші ұйымдар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 1-қосымшаның 14-нысаны бойынша инвестициялық бағдарламаға қосымшаның Табиғи монополия субъектілері инвестициялық бағдарламасының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес;

2

2) энергия өндіруші ұйымдар үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген) Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларына 2-қосымшаның Рұқсат беру критерийлеріне сәйкес айқындалады.

4

4. Уәкілетті орган есепті кезеңдегі іс-шараларды іске асырудың нақты көрсеткіштерін бекітілген инвестициялық бағдарламада қабылданған инвестициялық бағдарлама іс-шараларының нысаналы көрсеткіштерімен салыстыру арқылы электр энергетикасы саласындағы субъектілердің инвестициялық бағдарламасын іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді.

5 5. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалау мынадай критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады:

субъекті инвестициялық бағдарламаны іске асыру тиімділігінің төмен көрсеткіштеріне қол жеткізді – қол жеткізілмеген көрсеткіштер санының орташа алынған сомасы уәкілетті органның ведомствосы қабылдаған инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштерінің жалпы санының он пайызынан астам, атап айтқанда, инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу коэффициенті (КИ) тоқсан пайыздан төмен;
субъекті инвестициялық бағдарламаны іске асыру тиімділігінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді – қол жеткізілмеген көрсеткіштер санының орташа өлшемді сомасы уәкілетті органның ведомствосы қабылдаған инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштерінің жалпы санының он пайызынан төмен, атап айтқанда, инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу коэффициенті (КИ) тоқсан пайыздан жоғары.

6 6. Инвестициялық бағдарлама іс-шараларының нысаналы көрсеткіштері мынадай жағдайларда:

абсолютті ауытқулар, сәйкесінше:
егер инвестициялық бағдарламаны іске асыру нысаналы көрсеткішті ұлғайтуға бағытталған болса, нөлден аз;
егер инвестициялық бағдарламаны іске асыру нысаналы көрсеткішті азайтуға бағытталған болса, нөлден жоғары болады.

7 7. Инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:

КИ = 100% қол жеткізілмеген нысаналы көрсеткіштер салмағының сомасы, онда:
КИ – инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу коэффициенті.
көрсеткіштің салмағы әрбір нысаналы көрсеткіш үшін мынадай формула бойынша айқындалады:
i – нысаналы көрсеткішке қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың сәйкестендіргіші;
П – іс-шара бағытталған нысаналы көрсеткіштер саны;
n – барлық нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған барлық іс-шаралардың сәйкестендіргіші.

8 ___________________________ бойынша электр энергетикасы саласында

8. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыру тиімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты көздейтін электр энергетикасы саласында салынған инвестициялар тиімділігінің нәтижелері бойынша субъектіге қорытынды шығарады.
Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесіне қосымша
Нысан
___________________________ бойынша электр энергетикасы саласында

Іс-шараның атауы
Нысаналы көрсеткіш
Нақты көрсеткіш
Жоспардан ауытқу

Қолданыстағы