Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Индерского района

Қаулы · № 54 · қабылданған 05.04.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154576/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Индерского района Күшін жойған Қаулы ·№ 54 ·05.04.2021
17.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Индерского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 54 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Индерского района
Атауы (қаз.)
Индер ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
54
Қабылданған күні
05.04.2021
Көрсетілген редакция
17.10.2023 154576_659863.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21TF004926
ЭКБ идентификаторы
154576
Редакция идентификаторы
154576_659863
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:48

0 Индер ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабы 2) және 3) тармақшаларына және 27 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Индер ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Индер ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 тамыздағы № 247 «Индер ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4482 болып тіркелген, 2019 жылдың 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары C. Өтеғұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Индер ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Индер ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 5 сәуірдегі
№ 54 қаулысына қосымша
Индер ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді-мекен атауы
Арнайы бөлінген орындар
Саны
1
Индербор кенті
Қ.Төленбаев көшесі,
«Алға» базарының алдындағы алаң
3
Д.Қонаев көшесі,
«Жасұлан» базарының алдындағы учаске
5
Тұзды көл жағалауы,
Индербор кентінен 15 км қашықтықта
10
Н.Меңдіғалиев көшесіндегі №45,
парк аумағы
4
С.Бейбарыс көшесіндегі, №6 үйдің манындағы учаске
2
Жайық өзені маңындағы парк аумағы
5
Д.Қонаев көшесіндегі №19 үйдің маңындағы учаске
2
Д.Қонаев көшесіндегі №22 үйдің маңындағы учаске
2
Махамбет көшесіндегі №18, 20 үйлердің алдындағы учаске
3
2
Бөдене ауылдық округі
С.Датов көшесіндегі №1б,
орталық алаң
4
3
Жарсуат ауылдық округі
Махамбет көшесіндегі №2А, орталық алаң
7
4
Көктоғай ауылдық округі
О.Айтбаев көшесінің бойындағы учаске
5
5
Өрлік ауылдық округі
И.Үсенов көшесі №15 үй алдындағы учаске
4
6
Есбол ауылдық округі
С.Датов көшесіндегі алаң
5
7
Ынтымақ ауылы
Б.Бозекенов көшесіндегі алаң
5
8
Елтай ауылдық округі
Жеңіс және М.Қабиұлы көшелерінің қиылысы
6
9
Аққала ауылы
Т.Жылысов көшесіндегі №1 үйдің маңындағы аумақ
5

Қолданыстағы