Қолданыстағы ред. 31.01.2003 (Редакция 15458_290749.kaz)

Жергілікті атқару органдары резервінің пайдаланудың Ережесін бекіту туралы от 31.01.2003 г. № 16 (Жергілікті атқару органдары резервінің пайдаланудың Ережесін бекіту туралы)

0

Жергілікті атқару органдары резервінің пайдаланудың Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 11.03.2005 № 40 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 Заңының 13-бабына және "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына және Батыс Қазақстан облысы әкімінің "Жергілікті атқарушы органдары резервін пайдаланудың ережесін бекіту туралы" 1 тамыз 2002 жылғы N 148 санды қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жергілікті атқару органдары резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесі бекітілсін.

2

2. "Жергілікті атқару органдары резервін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 124 қаулысының негізгі бөлігінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің 1 тамыз 2002 жылғы N 148 санды қаулысының атауы көрсетілмеуіне байланысты күші жойылсын.

3

3. Аудан әкімінің "Жергілікті атқару органдары резервін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 8 сәуірдегі N 88 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4. Қаратөбе ауданы жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын пайдалану Ережесі

Аудан әкімдігінің 2003 жылғы
31 қаңтардағы N 16 қаулысына
қосымша
Қаратөбе ауданы жергілікті атқарушы органдары
резервінің қаражатын пайдалану Ережесі
Осы ереже жергілікті атқарушы органдары резерв-қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібін белгілейді.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Аудандық бюджеттің резерві - тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте қаралған және аудан әкімдігінің қаулысымен көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін бөлінген қаражат.
Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар, сондай-ақ ағымдағы жылға бекітілген қаралған кредиттер жетіспеушілігінен болатын шығыстар.
Аудандық бюджеттің міндеттемелерін өтеу үшін аудандық жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамындағы қаражат - аудандық жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша аудандық жергілікті атқарушы органдарының немесе аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат.
Аудандық жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатын алушы - аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі немесе аудан әкімі.

2

2. Аудандық жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолға сипаттағы көлденең шығыстарға мына шаралар жатады:

1

1) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою;
- төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге материалдық көмектер көрсету;
- зардап шеккендер үшін уақытша тұруға, тамақтандыруға орындар дайындау және ұстау;
- шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдармен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
- төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету;
- қажетті жағдайда қосымша шығыстар тізімін аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия жасайды және ол аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

2

2) Сот шешімдері бойынша атқарушы органдарының міндеттемелерін, сондай-ақ Қаржы Министрлігі алдындағы аудандық бюджеттің міндеттемелерін өтеу.

3

3) Төмен тұрған бюджеттерді ағымдағы қаржы жылы ішінде несиелендіру.

4

4) Аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалған басқа да болжанбаған шығыстар.

2. 2. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі

2. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі

3

3. Жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің шығыстары мен несиелендіруі құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшер шегінде жүзеге асырылады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.

4

4. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы тәртіпте және аудан әкімдігінің резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында қаралмаған мұқтаждарға пайдалануға болмайды.

5

5. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар ескеріледі:

1

1) аудандық бюджетте ағымдағы қаражат жылына арналған қаржының болмауы;

2

2) үстіміздегі жылы жергілікті атқарушы органдардың резерв қаржысында пайда болған қажеттілік және сот шешімдері арқылы атқарушы органдардың міндеттемесін өтеу жағдайын қоспағанда алушының өткендігі міндеттемелеріне байланысты емес жағдайлар.

6

6. Аудан әкімдігінің арнаулы резервінен төмен тұрған бюджеттерге несие беру туралы қаулысын қоспағанда аудан әкімдігінің аудандық жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы қаулылары бөлінген несие толық өтелгеннен кейін, жыл аяғында күшін жояды.

3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу

7

7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді аудандық азаматтық қорғаныс бастығы қарайды.

8

8. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия айқындайды.

9

9. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған кезде төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен аудан әкімдігіне енгізеді.

10

10. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудандық жергілікті атқарушы органдардың резервтер қаражаттарының есебінен қаржыландырылуы тиіс.

4. 4. Соттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу

4. Соттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы
органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу

11

11. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда жергілікті атқару органдарының резерві есебінен қамтамасыз етіледі.

12

12. Аудандық бюджеттің міндеттемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен аудандық қаржы бөлімі дайындайды.

13

13. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар дайындайды.

5. 5. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану

5. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану

14

14. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшін бағдарлама әкімшілері аудан әкімдігіне және аудандық қаржы бөліміне тиісті негіздемелерімен және есептемелерімен бірге аудандық бюджеттің резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді тапсырады.

15

15. Аудандық қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде, сондай-ақ ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған аудан әкімдігі қаулыларын және төмен тұрған бюджеттерга бұрын берілген несиелер туралы деректерді ескере отырып, төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру арнайы резервтен қаражат бөлу үшін:

1

1) ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетте ауданның бюджеттерін несиелендіру үшін көзделген сомалардың болуы;

2

2) жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілген және жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезең үшін жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың бағыты;

3

3) бөлінетін несиенің сомасы жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылында аудандық мәслихаттың шешімімен белгіленген қарызға алған сомадан артық болмауы тиіс.

16

16. Аудан әкімінің өтініші бойынша оң қорытынды болған кезде аудандық қаржы бөлім бюджеттерді несиелендіру үшін аудандық бюджеттің арнайы резервінен ақша бөлу туралы қаулының жобасын аудан әкімдігінің қарауына енгізеді.

17

17. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін аудандық бюджеттің арнайы резервінен несие берудің және қайтарудың тәртібі мен шарттарын аудан әкімдігі белгілейді.

6. 6. Басқа болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу

6. Басқа болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу

18

18. Жергілікті атқарушы органдар резервінен болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері аудандық қаржы бөліміне тиісті негіздемелерімен және есептемелерімен қаржы бөлу туралы өтініш тапсырады.

19

19. Аудандық қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде жергілікті атқарушы органдары резервінен қаржы бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

20

20. Өтініштерді қарау кезінде ағымдағы қаржы жылында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаржыны тиімді бөлу мақсатында ағымдағы әр тоқсанда жергілікті атқарушы резервінен болжанбаған шығыстарға арналып бөлінетін қаржы сомасы жергілікті бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға арналып қаралған қаржының 25 % аспауы тиіс. Соның өзінде жергілікті атқарушы органдар резервінен осы мақсатқа қаржы бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы есепке алынады.

21

21. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші оңды шешім алған жағдайда басқа да болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың сол әкімшісі заңнамаларда белгіленген тәртіппен әзірлейді.

22

22. Аудан әкімінің өтініші оңды шешім алған жағдайда басқа да болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын аудандық қаржы бөлімі заңнамаларда белгіленген тәртіппен әзірлейді.

7. 7. Бақылау және есептілік

7. Бақылау және есептілік

23

23. Аудандық бюджеттің резервінен бөлінген қаражатты алушылар аудандық қаржы бөлімі белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.

24

24. Аудандық қаржы бөлім аудандық әкіміне ай сайын жергілікті атқару органдары резерві қаражатының пайдалануы және қалдықтары туралы ақпарат береді.

25

25. Аудандық бюджеттің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатсыз пайдалану үшін алушы Қазақстан Республикасының Заңдарында қаралған тәртіппен жауап береді.

26

26. Жергілікті атқарушы органдарының резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.