Об утверждении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Приозерск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Приозерск
- Атауы (қаз.)
- Приозерск қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3/30
- Қабылданған күні
- 30.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2021 154584_545949.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21KR006296
- ЭКБ идентификаторы
- 154584
- Редакция идентификаторы
- 154584_545949
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:57
0 Приозерск қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» № 1054 Қаулысына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Приозерск қалалық мәслихатының
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 3/30 шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1 1. Қарыз сомасынан 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2 2. Қарыз сомасынан 10 % дейін, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
1 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Приозерск қалалық мәслихатының
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 3/30 шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
№
Атауы
1.
Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары
2.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі
«Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
3.
Толық емес отбасылар