Қолданыстағы ред. 30.03.2003 (Редакция 15461_287303.kaz)

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы от 30.03.2003 г. № 5 (Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы)

0

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 06.08.2004 № 17 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі N 267 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Жарлығын жүзеге асыру, атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың аталған міндеттерді орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Аудан әкімінің жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын және оның жеке құрамы бекітілсін (N 1 қосымша). Кеңестің жұмыс органы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімі болып белгіленсін.

2

2. Аудан әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ережесі N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Аудан әкімінің 2002 жылғы 20 тамыздағы N 19 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы", әділет басқармасында 2002 жылы 29 тамызда N 1734 тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4

4. Аудан әкімінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 24 "Аудан әкімінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" 2002 жылғы 20 тамыздағы N 19, Әділет басқармасында 2002 жылы 29 тамызында тіркелген, тіркеу N 1734 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" әділет басқармасында 2002 жылы N 26 қарашада N 1849 тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.

5

5. Аудан әкімінің 2003 жылғы 5 наурыздағы N 04 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

6

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Қ. Кабуловқа тапсырылсын.

7. Аудан әкімі жанынан құрылған қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы үйлестіру кеңесінің құрамы

Аудан әкімінің
2003 жылғы N 5 шешіміне
N 1 қосымша
Аудан әкімі жанынан құрылған қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы үйлестіру кеңесінің құрамы

1

1. Садықов Бекмырза Сұлтанұлы - аудан әкімі, үйлестіру
кеңесінің төрағасы

2

2. Беркалиев Мақсот Құбайұлы - аудан әкімінің орынбасары,
үйлестіру кеңесі төрағасының
орынбасары

3. Кеңес мүшелері:

3. Қабұлов Абай Қалауұлы - аудан әкімі аппаратының
басшысы, үйлестіру кеңесінің хатшысы
Кеңес мүшелері:

4

4. Мұқатов Марат Бақытұлы - аудан әкімінің орынбасары

5

5. Көжекенов Нұрболат Салимгерейұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы

6

6. Көшенов Амангелді Измағамбетұлы - аудан прокуроры (келісім
бойынша)

7

7. Ісләмбеков Альбек Саматұлы - аудандық салық комитетінің төрағасы

8

8. Таңбаев Самат Таңбайұлы - аудандық мәслихат хатшысы

9

9. Сисенов Нұрлан Амангелдіұлы - Шыңғырлау ауданы ұлттық қауіпсіздік комитетінің
бөлім бастығы

17. Аудан әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімінің
2003 жылғы N 5 шешіміне
N 2 қосымша
Аудан әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас
жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі-Кеңес) аудан әкімінің жанындағы ақыл-кеңес органы болып табылады қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.

2

2. Кеңес қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, еліміздің Президенті мен үкіметінің актілеріне аудан әкімінің шешімдері мен әкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

3

3. Кеңес құрамын аудан әкімі анықтайды және бекітеді.

2. 2. Кеңестің негізгі мақсаты

2. Кеңестің негізгі мақсаты
Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеті мыналар болып табылады:

1

1) аудандық атқарушы құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру салаларында құқық тәртібі мен заңдылықты нығайтуда ведомствоаралық үйлестіру қызметін қамтамасыз ету болып табылады;

2

2) аудандағы қалыпты құқықтық жағдайы талдау, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі шаралар жоспарын қарау және бекіту;

3

3) ішкі істер қызметтері, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, салық және кеден қызметтері, салық полициясы органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметінің аясын дамыту түседі;

4

4) Қазақстан Республикасының Заңдарын, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілерін облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі орындаушылық мүмкіншіліктерін зерттеу;

5

5) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қаладағы құқық қорғауды және заңдылықтарды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарына нұсқамалар әзірлеу.

3. 3. Кеңестің қызметі

3. Кеңестің қызметі
Кеңес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1

1) кеңестің мәжілістерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының ауданда қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастырудағы жағдайын қарастыру;

2

2) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөніндегі басшыларының есебін тыңдау;

3

3) кеңеске жүктелген өзге міндеттерді орындау.

4. 4. Кеңестің өкілеттігі

4. Кеңестің өкілеттігі
Кеңес негізгі мақсаттарды жүзеге асыру және өз міндеттерін орындауда мынадай құқыққа ие болады:

1

1) атқарушы, құқық қорғау органдардан ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұрастыруға және алуға;

2

2) қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды және нұсқаулықтарды әзірлеу;

3

3) құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдарының қызметкерлерін Кеңесін мәжілісіне материалдарды әзірлеу үшін тарту.

5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

1

1. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Оның мәжілісі ай сайын және қажеттігіне өткізіледі.

2

2. Кеңес мәжілісін төраға немесе оның орынбасарлары тапсырмасымен Кеңестің бір мүшесі өткізеді. Оның Кеңес мүшелерінің жартысынан қатысса ғана, құқық болып есептеледі.

3

3. Кеңестің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, ол хаттамамен рәсімделіп, оны төраға бекітеді.