Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу на улице Бейбитшлик в населенном пункте Узынарык Когалинского сельского округа

Өзге акт · № 9 · қабылданған 13.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154617/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу на улице Бейбитшлик в населенном пункте Узынарык Когалинского сельского округа Қолданыста Өзге акт ·№ 9 ·13.04.2021
13.04.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу на улице Бейбитшлик в населенном пункте Узынарык Когалинского сельского округа

Қолданыста Өзге акт ·№ 9 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу на улице Бейбитшлик в населенном пункте Узынарык Когалинского сельского округа
Атауы (қаз.)
Қоғалы ауылдық округі Ұзынарық елді мекені Бейбітшілік көшесінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
13.04.2021
Көрсетілген редакция
13.04.2021 154617_517753.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21UMN06160
ЭКБ идентификаторы
154617
Редакция идентификаторы
154617_517753
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:40

0 Қоғалы ауылдық округі Ұзынарық елді мекені Бейбітшілік көшесінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 15 наурыздағы №08-02-07/76 ұсынысы негізінде, Қоғалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Төлеби ауданының Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық елді мекені, Бейбітшілік көшесіндегі №85 үйден ірі қара малдың «бруцеллез» ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты, Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық елді мекені, Бейбітшілік көшесіндегі (№85 үй – №118 үй аралығы) 27 үйге шектеу іс-шаралары енгізілсін.

2 2. «Төлеби ауданының Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы