Об утверждении предельных аукционных цен на электрическую энергию, произведенную путем энергетической утилизации отходов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении предельных аукционных цен на электрическую энергию, произведенную путем энергетической утилизации отходов
- Атауы (қаз.)
- Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 12.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2021 154639_534620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022540
- ЭКБ идентификаторы
- 154639
- Редакция идентификаторы
- 154639_534620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:42
0 Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 28-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 103
Бұйрығымен
бекітілген
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар
№
п/п
Атауы
Көрсеткіш (ҚҚС-сыз)
1
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық баға
191,9 теңге / кВтсағ
2
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаның АҚШ долларымен көрсетілген баламасы
0,45223 АҚШ доллары /кВтсағ
3
Еурода көрсетілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаның баламасы
0,38524 Евро / кВтсағ