Құжат мәтініне өту

О переименовании улиц

Өзге акт · № 1 · қабылданған 29.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154715/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О переименовании улиц Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·29.03.2021
29.03.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании улиц

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании улиц
Атауы (қаз.)
Көшелерді қайта атау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
29.03.2021
Көрсетілген редакция
29.03.2021 154715_526243.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21VQE08584
ЭКБ идентификаторы
154715
Редакция идентификаторы
154715_526243
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:01

0 Көшелерді қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Асубұлақ кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Асубұлақ кентінің әкімі ШЕШТІ:

1 1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кентіндегі келесі көшелер қайта аталсын:

«Ленин» көшесі «Абай» көшесіне,
«Октябрьская» көшесі «Тәуелсіздік» көшесіне,
«Ушанов» көшесі «Болашақ» көшесіне,
«Киров» көшесі «Ардагер» көшесіне,
«Мира» көшесі «Бейбітшілік» көшесіне,
«Автобазовская» көшесі» «Жүргізушілер» көшесіне.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесіні қамтамасыз етсін:

1 1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы