Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута для разведки полезных ископаемых

Қаулы · № 82 · қабылданған 08.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154718/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута для разведки полезных ископаемых Қолданыста Қаулы ·№ 82 ·08.04.2021
08.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута для разведки полезных ископаемых

Қолданыста Қаулы ·№ 82 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута для разведки полезных ископаемых
Атауы (қаз.)
Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
82
Қабылданған күні
08.04.2021
Қолданысқа енгізілген күні
30.04.2021
Көрсетілген редакция
08.04.2021 154718_518271.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21G0004938
ЭКБ идентификаторы
154718
Редакция идентификаторы
154718_518271
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:44

0 Пайдалы қазбаларды барлау үшін

жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 05-01/381 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау және барлау учаскелеріне жол жүруді қамтамасыз ету үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2025 жылдың 22 қарашасына дейін жария сервитут белгіленсін.

2 2. «Golden Compass Jambyl» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік) барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақтасын, жер учаскелеріне жария сервитут белгілеуден келтірілген залалдар мен төлемақыны қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өтесiн.

3 3. Серіктестік бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін алты ай мерзімде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету қаражатынан жүргізсін.

4 4. Осы қаулыда көрсетілген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар серіктестік қызметкерлерінің пайдалы қазбаларды барлау учаскелеріне кедергісіз өтуін және (немесе) өз жер учаскелері арқылы өтуін қамтамасыз етсін.

5 5. «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Нығмашевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

12 Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария сервитут белгіленген жер учаскелерінің экспликациясы

Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 8 сәуірдегі
№ 82 қаулысына қосымша
Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария сервитут белгіленген жер учаскелерінің экспликациясы

Меншік иесі немесе жер пайдаланушының аты-жөні, тегі, атауы
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі
Жер учаскесінің орналасқан жері
Жер учаскесінің жалпы көлемі,
гектар
оның ішінде
жайылым, гектар
1
2
3
4
5
6
1.
Несипбаев Арнас Максутович
06-092-031-006
Меркі ауданы
124,0
124,0
2.
«Ар-Ас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
06-092-097-005
Меркі ауданы
297,0
297,0
3.
Несипбаев Арнас Максутович
06-092-031-065
Меркі ауданы
4,1864
4,1864
4.
Несипбаев Ансар Максутович
06-092-031-160
Меркі ауданы
7,2857
7,2857
5.
«Гидроэнергетическая компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
06-092-092-003
Меркі ауданы
2,3338
2,3338
6.
Мусаханов Актамберди Ермекович
06-092-097-043
Меркі ауданы
91,6147
91,6147
7.
Кеңес ауылдық округінің мемлекеттік жер қоры
06-092
Меркі ауданы
2,4293
2,4293
8.
Найзакулов Аманбек
06-092-046-187
Меркі ауданы
280,4950
280,4950
9.
Нурланкулов Ханапия Солтанаевич
06-092-046-151
Меркі ауданы
100,0
100,0
10.
«Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
06-092-046-179
Меркі ауданы
48,9541
48,9541
11.
Сыпатай мемлекеттік жер қоры
046
Меркі ауданы
5,2726
5,2726
12.
Несипбаева Куанышкуль Омиршиевна
06-092-031-162
Меркі ауданы
24,0466
24,0466
13.
Несипбаева Куанышкуль Омиршиевна
06-092-031-161
Меркі ауданы
27,0
27,0
14.
Бакирбаев Токтасын
06-092-054-130
Меркі ауданы
40,0
40,0
15.
Алиева Рыскул
06-092-046-235
Меркі ауданы
59,0
59,0
16.
Кенжетаев Бауржан Абылгазыулы
06-092-046-242
Меркі ауданы
658,0
658,0
17.
Оспаналиев Еркин Шабденбекович
06-092-046-187
Меркі ауданы
445,0
445,0
18.
Меркі ауданының мемлекеттік жер қоры
036
Меркі ауданы
667,9350
667,9350
19.
Меркі ауданының мемлекеттік жер қоры
06-092
Меркі ауданы
10,0
10,0
Барлығы
2894,5532

Қолданыстағы