Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 96 · қабылданған 12.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154739/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 96 ·12.04.2021
12.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 96 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
96
Қабылданған күні
12.04.2021
Қолданысқа енгізілген күні
30.04.2021
Көрсетілген редакция
12.04.2021 154739_518264.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21GJ004941
ЭКБ идентификаторы
154739
Редакция идентификаторы
154739_518264
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:42

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасы және 37 бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Талас ауданы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайыр елді мекендеріне газ құбырын жүргізу үшін жер учаскелерін жер иелері мен жер пайдаланушыларынан алып қоймастан жалпы көлемі 91,6025 гектар жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2

2. «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жер пайдаланушылар мен жер иеленушілермен келісім шарт негізінде қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз ету және бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.

3 3. «Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Торехан Сарикбаевич Койлыбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Талас ауданы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайыр елді мекендеріне газ құбырын жүргізу үшін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын беретін жер учаскелерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

Талас ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 96 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Талас ауданы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайыр елді мекендеріне газ құбырын жүргізу үшін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын беретін жер учаскелерінің
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

Ауылдық округтің атауы
Барлығы, гектар
Оның ішінде
егістігі, гектар
шабындығы, гектар
жайылымы, гектар
бөгде жерлер, гектар
1
Үшарал
29,5503
-
2,427
26,9201
0,2032
2
Кеңес
25,5758
-
-
24,8678
0,708
3
Ойық
29,3374
-
-
28,3024
1,035
4
С.Шәкіров
7,139
-
-
6,839
0,3
Барлығы
91,6025
-
2,427
86,9293
2,2462
Ескертпе: жер учаскесінің нысаналы мақсаты «Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайыр елді мекендеріне газ құбырын жүргізу үшін».

Қолданыстағы