Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-28
- Қабылданған күні
- 01.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2021 154759_537953.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21SI007242
- ЭКБ идентификаторы
- 154759
- Редакция идентификаторы
- 154759_537953
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:51
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту
жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын
өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі мен мөлшері айқындалсын:
1 1) шығындарын өндіріп алу «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
2
2) үйде оқытылатын кемтар балаларға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі;
3 3) шығындарды өтеу мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы ведомствоаралық психологиялық – медициналық - педагогикалық консультациялық комиссия берген қорытындыда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
4
4) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрақты тұратын адамдарға қаржыландыру қаражаты есебінен беріледі. Төлем ай сайын «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуды растайтын тізімдерге сәйкес жүргізіледі;
5
5) шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат үйінде немесе санаториялық мектепте оқып жатқан кезеңінде, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде, алушының жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтерді ұсынуы, Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін орындаудан босату немесе шеттету), төлемдер мынадай жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6
6) шығындарды өтеу жеке оқу жоспары бойынша тиісті оқу жылы ішінде «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына сәйкес тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға ауданның бюджетінде көзделген қаражат шегінде әрбір балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болып айқындалсын.
Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімі негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.