О признании утратившими силу некоторых решений Алгинского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Алгинского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 43
- Қабылданған күні
- 14.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2021 154792_518734.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CC008246
- ЭКБ идентификаторы
- 154792
- Редакция идентификаторы
- 154792_518734
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:39
0 Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Алға аудандық мәслихатының
2021 жылғы 14 сәуірдегі
№ 43 шешіміне қосымша
Алға аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған
актілерінің тізбесі:
1
1. Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 128 «Алға ауданында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 11 желтоқсанында жарияланған) шешімі;
2
2. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 260 «Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 128 «Алға ауданында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6119 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 13 мамырында жарияланған) шешімі;
3
3. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 296 « Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 128 «Алға ауданында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6384 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланған) шешімі.