Қолданыстағы ред. 13.02.2003 (Редакция 15484_287307.kaz)

Аудан әкімінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы от 13.02.2003 г. № 3 (Аудан әкімінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы)

0

Аудан әкімінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімінің 30.09.2003 № 22 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" 2000 жылдың 20 сәуірдегі Жарлығын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Кеңес мүшелері:

І. Аудан әкімі жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі төмендегідей құрамда бекітілсін:
Марат Кенжетайұлы Оңғарбеков - аудан әкімі, үйлестіру
Кеңесінің төрағасы
Армат Мендіғалиұлы Ахметов - аудан әкімі аппаратының
жалпы бөлімінің жетекші
маманы-заңгер, үйлестіру
Кеңесінің хатшысы
Қайыр Абзалұлы Қарсақов - аудан прокуроры, төраға
орынбасары (келісім бойынша)
Жолдыбай Жанатауұлы - аудан әкімі аппаратының
Батырниязов басшысы, төраға орынбасары
Кеңес мүшелері:
Әділ Тауфиқұлы Жоламанов - аудандық салық комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)
Хайролла Қайырбайұлы Құрматов - аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы (келісім
бойынша)
Бауыржан Ергенұлы Халиолла - аудандық "Қайнар" газетінің
редакторы (келісім бойынша)
Ерлан Құбайұлы Ибрашев - аудандық ішкі істер
бөлімінің қылмыстық атқару
инспекторы (келісім
бойынша).

2

ІІ. Аудан әкімінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін (N 1 қосымша)

3

ІІІ. Аудан әкімінің 2002 жылғы 23 шілдедегі №51 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4. Аудан әкімінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімінің 2003 жылғы
13 ақпандағы №3 шешіміне
N 1 қосымша
Аудан әкімінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас
жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1.1

1.1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімінің жанындағы ақыл-кеңес органы болып табылады қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.

1.2

1.2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

1.3

1.3. Кеңес құрамын аудан әкімі анықтайды және бекітеді.

2. 2. Кеңестің негізгі мақсаты

2. Кеңестің негізгі мақсаты
Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеті мыналар болып табылады:

2.1

2.1. аудандық атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру салаларында құқық тәртібі мен заңдылықты нығайтуда ведомствоаралық үйлестіру қызметін қамтамасыз ету болып табылады;

2.2

2.2. аудандағы қалыпты құқықтық жағдайды талдау, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі шаралар жоспарын қарау және бекіту;

2.3

2.3. ішкі істер қызметтері, прокуратура, салық органдарының қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметінің аясын дамыта түседі.

2.4

2.4. Қазақстан Республикасының Заңдарын, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі орындаушылық мүмкіншіліктерін зерттеу.

3. 3. Кеңестің қызметі

3. Кеңестің қызметі
Кеңес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

3.1

3.1. Кеңестің мәжілістерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының облыста қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастырудағы жағдайын қарастыру;

3.2

3.2. Атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөніндегі басшыларының есебін тыңдау;

3.3

3.3. Жоғарыда атаған жұмыстарды жақсарту жөнінде нұсқаулық даярлау;

3.4

3.4. Кеңеске жүктелген өзге міндеттерді орындау.

4. 4. Кеңестің өкілеттігі

4. Кеңестің өкілеттігі
Кеңес негізгі мақсаттарды жүзеге асыру және өз міндеттерін орындауда мынадай құқыққа ие болады:

4.1

4.1. Атқарушы, құқық қорғау органдардан ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұрастыруға және алуға;

4.2

4.2. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды және нұсқаулықтарды әзірлеу;

4.3

4.3. Құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдарының қызметкерлерін Кеңестің мәжілісіне материалдарды әзірлеу үшін тарту.

5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

5.1

5.1. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Оның мәжілісі ай сайын және қажеттігіне қарай өткізіледі.

5.2

5.2. Кеңес мәжілісін Төраға немесе оның орынбасарлары тапсырмасымен Кеңестің бір мүшесі өткізеді. Оған Кеңестің мүшелерінің жартысынан көбі қатысса ғана, құқылы болып есептеледі.

5.3

5.3. Кеңестің шешімі жәй көпшілік дауыспен қабылданады, ол хаттамамен рәсімделіп, оны Төраға бекітеді.