Құжат мәтініне өту

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Келесского района Туркестанской области

Қаулы · № 3/27-VII · қабылданған 19.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154850/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Келесского района Туркестанской области Қолданыста Қаулы ·№ 3/27-VII ·19.03.2021
19.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Келесского района Туркестанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 3/27-VII · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Келесского района Туркестанской области
Атауы (қаз.)
Түркістан облысы Келес ауданының әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3/27-VII
Қабылданған күні
19.03.2021
Көрсетілген редакция
19.03.2021 154850_518414.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21U0006170
ЭКБ идентификаторы
154850
Редакция идентификаторы
154850_518414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:07

0 Түркістан облысы Келес ауданының әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1 1. Түркістан облысы Келес ауданының келесі ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін:

1 1) Абай ауылының әкімшілік шекарасына Қошқарата ауылдық округінен 139,71 гектар және Біртілек ауылдық округінен 890,35 гектар жалпы көлемі 1030,06 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

2 2) Ақтөбе ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Бірлік ауылдық округінен 4519,09 гектар және Бірлесу ауылдық округінен 20,86 гектар жалпы көлемі 4539,95 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

3 3) Бірлесу ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Ақтөбе ауылдық округінен жалпы көлемі 80,92 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

4 4) Бірлік ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Ошақты ауылдық округінен 196,70 гектар және Жамбыл ауылдық округінен 1616,58 гектар жалпы көлемі 1813,28 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

5 5) Біртілек ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Ошақты ауылдық округінен жалпы көлемі 284,07 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

6 6) Бозай ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Жамбыл ауылдық округінен жалпы көлемі 762,25 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

7 7) Қошқарата ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Біртілек ауылдық округінен 61,93 гектар және Бірлік ауылдық округінен 480,7 гектар жалпы көлемі 542,63 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

8 8) Жүзімдік ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Қошқарата ауылдық округінен жалпы көлемі 21,64 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

9 9) Ошақты ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Бірлік ауылдық округінен 561,71 гектар, Біртілек ауылдық округінен 3977,71 гектар және Қошқарата ауылдық округінен 489,27 гектар жалпы көлемі 5028,69 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

10 10) Ұшқын ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Қошқарата ауылдық округінен жалпы көлемі 130,13 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен.

2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен қаулы және шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен қаулы және шешім оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

А.Ш. Жетпісбай
Ә.Е. Тұрғымбеков
С.А. Қалқаманов
М.И. Мырзалиев
А.С. Сабитов
Ұ.Қ. Тәжібаев
Қ.Ә. Қайыпбек
А.Б. Тасыбаев
«Түркістан облысы Келес ауданының әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» облыс әкімдігінің 2021 жылғы «__» ___________ №_____ қаулысы мен облыстық мәслихаттың 2021 жылғы «__» __________ №_______ шешіміне.

Қолданыстағы