Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования технических средств для фото- и видеосъемки при осуществлении государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора

Бұйрық · № 121 · қабылданған 14.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154857/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования технических средств для фото- и видеосъемки при осуществлении государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора Қолданыста Бұйрық ·№ 121 ·14.04.2021
14.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования технических средств для фото- и видеосъемки при осуществлении государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора

Қолданыста Бұйрық ·№ 121 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования технических средств для фото- и видеосъемки при осуществлении государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
121
Қабылданған күні
14.04.2021
Көрсетілген редакция
14.04.2021 154857_533261.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022567
ЭКБ идентификаторы
154857
Редакция идентификаторы
154857_533261
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:38

0 Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

1 Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2021 жылғы 14 сәуірдегі № 121
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-31) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бейнетіркегіштің жад картасы (бұдан әрі – жад картасы) – ақпаратты сақтау үшін пайдаланылатын ажырамалы электронды есте сақтау құрылғысы;

2

2) ветеринариялық бақылау бекеті – шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және (немесе) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының бөлімшесі;

3 3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамы;

4 4) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнетіркегіш) –фото және бейнетіркеуді жүзеге асыруға арналған техникалық құрылғы.

3

3. Бейнетіркегіштер айналадағы жағдайды, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде дәлелдеу базасын жинауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың іс-қимыл процесін фото және бейнетүсіруді жүзеге асыруға арналған.

4 4. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

2 2-тарау. Бейнетіркегішті (жад картасын) беру, есепке алу және деректерін сақтау тәртібі

5

5. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) басшысы бейнетіркегішті (жад картасын) беруге және қабылдауға, фото және бейнежазбаларды жүктеуге және сақтауға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға бейнетіркегішті беру кезінде бейнетіркегіште күні мен уақытын белгілеуге, фото және бейнежазбаларды жүктегеннен кейін жад карталарынан оларды жоюға, бейнетіркегішті жұмыс істемеген кезінде ауыстыруға, сондай-ақ жүргізілген фото және бейнежазбаларды қарауға және талдауға жауапты қызметкерді (бұдан әрі – жауапты адам) анықтайды.

6 6. Бейнетіркегішті қолдану арқылы алынған фото және бейнежазбаларды қорғау үшін жауапты адам деректерді сақтаудың сандық құрылғысына қол жеткізу паролін белгілейді.

Деректерді сақтаудың сандық құрылғысына қолжетімділік тек жауапты адам мен аумақтық бөлімшенің басшысына ғана беріледі. Бұл ретте, деректерді сақтаудың цифрлық құрылғысындағы деректерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

7

7. Бейнетіркегішті (жад картасын) беру, қабылдау және фото және бейнежазбаларды жүктеу кезінде жұмыста есепке алу үшін әрбір бейнетіркегішке және жад картасына «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) сәйкес түгендеу нөмірі беріледі.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға түгендеу нөмірлері жоқ бейнетіркегіштер мен жад карталарын пайдалануға жол берілмейді.

8

8. Бейнетіркегіштер мен жад карталары аумақтық бөлімшелерде оларға басқа адамдардың қол жеткізуін болдырмай, жауапты адамда сақталады және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнетіркегішті (жад картасын) беруді, тапсыруды және фото және бейнежазбаларды түсіруді есепке алу журналында (бұдан әрі – есепке алу журналы) қызметтік міндеттерін атқаруды бастамас бұрын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға жеке қол қою арқылы беріледі. Есепке алу журналын жауапты тұлға жүргізеді және толтырады.

9 9. Жауапты адам жад картасын бейнетіркегішке орнатқаннан кейін жад картасының ұяшығын мөрмен бекітеді.

10

10. Есепке алу журналы аумақтық бөлімшенің кеңсесінде тіркеледі, парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекемделеді. Есепке алу журналының соңғы бетінде жауапты адам: «Осы журналда ___ парақ нөмірленді, тігілді және мөрмен бекемделді» деген жазба жазады. Есепке алу журналына жазу қаламсаппен жүргізіледі. Жіберілген қателер дұрыс емес жазбаны сызып тастау және жаңа жазбаны енгізу жолымен түзетіледі, бұл туралы «Ескертпе» бағанында түзетудің күні мен уақыты, жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, түзету себептері көрсетіле отырып, жауапты адамның қолы қойылып, «Түзетілді» деген ескертпе жасалады. Есепке алу журналының жазбаларын тазартуға жол берілмейді.

11 11. Фото және бейнежазбаларды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты адам деректерді сақтаудың цифрлық құрылғысына жүктеуді жүргізеді.

12 12. Деректерді сақтаудың цифрлық құрылғысында фото және бейнежазбаларды сақтау мерзімі деректерді сақтаудың цифрлық құрылғысына жүктелген сәттен бастап 1 (бір) жылды, әкімшілік құқық бұзушылықтар және тексеру іс-шаралары бойынша – 5 (бес) жылды құрайды.

13 13. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызметтік мақсаттарда пайдалану үшін деректерді цифрлық сақтау құрылғысындағы фото және бейнежазбаларды жауапты адамның аумақтық бөлімшесі басшысының рұқсаты бойынша ғана мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға беруіне жол беріледі.

3 3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде бейнетіркегішті пайдалану тәртібі

14 14. Бейнетіркегіш мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың іс-әрекетіне кедергі жасамайтындай, иық буынына жақын кеуде тұсына бекітіледі.

Бейнетіркегішті қолданар алдында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор оның жұмыс қабілеттілігін, бейнетіркегіштің аккумуляторы зарядының деңгейін, күні мен уақытының дұрыс орнатылуын, бейнетіркегіште фото және бейнетүсірілім сапасының оңтайлы бапталуын тексереді.

15 15. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың кеудесіне фото және бейнетүсірілімнің жүргізіліп жатқаны туралы хабарлайтын, мынадай жазуы бар: «Назар аударыңыз! Фото және бейнежазба жүргізілуде. Внимание! Ведется фото и видеозапись» бейдж бекітіледі.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға хабарлайтын бейджсіз бейнетіркегішті пайдалануға жол берілмейді.

16

16. Бейнетіркегішті қосу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қызметтік міндеттерін орындау басталған сәттен бастап жүргізіледі және осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қызметтік міндеттері аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі.

17

17. Фото және бейнетүсірілім жүргізу барысында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері иелерінің (өкілдерінің) барлық іс-қимылдарын тіркеу, оның ішінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы және қадағалаудағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тексеру және жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық тексеру, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне тексеру жүргізу, тексеру нәтижелері туралы актілерді ресімдеу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың, ветеринария саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актілерінің көшірмелері қоса беріледі.

18

18. Деректерді сақтаудың цифрлық құрылғысына жүктегенге дейін жад картасынан фото және бейнежазбаларды өз бетінше жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде бейнетіркегішті өз бетінше өшіруге және жад картасын алып қоюға, бейнетіркегіштің жұмысында іркіліске әкеп соғуы мүмкін бейнетіркегішке әсер етуді жүзеге асыруға, бейнетіркегіштің фото және бейнетүсірілімін тіркеуге және сақтауға кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.

19

19. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың тамақтануына арналған үзіліс болған жағдайда, бұл туралы жауапты адамға хабарлай отырып және кейіннен есепке алу журналының «Ескертпе» бағанына тиісті жазбаны енгізе отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың бейнетіркегішті тоқтата тұру мен қайта бастаудың нақты уақытын дыбыстай отырып, фото және бейнетүсірілімді тоқтата тұруына және қайта бастауына жол беріледі.

20 20. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезеңінде бейнетіркегіш (жад картасы) істен шыққан жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор бұл туралы аумақтық бөлімшенің басшысын және жауапты адамды дереу хабардар етеді.

Ақаулардың себептерін жою мүмкін болмаған кезде жауапты адам бейнетіркегішті ауыстыруды жүзеге асырады.
Бұл ретте, жауапты адам есепке алу журналының «Ескертпе» бағанында бейнетіркегіштің істен шығу себептерін, хабарлаудың және бейнетіркегішті ауыстырудың күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті жазбалар жүргізеді.

21 21. Бейнетіркегішті пайдалануды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызметтік мақсаттарда ғана жүзеге асырады.

22 22. Қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар бейнетіркегіштің және жад картасының сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыс күні аяқталғаннан кейін оларды жауапты адамға тапсырады.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор бейнетіркегішке ұқыпты қарайды, оны жоғалтуына, бүлдіруіне, оны басқа адамдарға беруіне жол бермейді.

1.1 Бейнетіркегішті (жад картасын) беруді, өткізуді және фото және бейнежазбаларды түсіруді есепке алу журналы

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларына қосымша
Нысан
Мұқабаның беткі жағы
Бейнетіркегішті (жад картасын) беруді, өткізуді және
фото және бейнежазбаларды түсіруді есепке алу журналы
20 __ жылғы «___» __________ басталды
20 __ жылғы «___» __________ аяқталды
Мұқабаның ішкі жағы
Р/с №
Бей­не­тір­ке­гіш­тің (жад кар­та­сы­ның) тү­ген­деу нө­мі­рі
Мем­ле­кет­тік ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық ин­спек­тор­дың аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
Ал­ған кү­ні мен уа­қы­ты, қо­лы
Тап­сыр­ған кү­ні мен уа­қы­ты, қо­лы
Ақ­па­рат­ты жүк­теп ал­ған кү­ні мен уа­қы­ты
Жа­у­ап­ты адам­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі және қо­лы
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы