О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Алакольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Алакольского района
- Атауы (қаз.)
- Алакөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 16.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2021 154958_518822.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21DE005932
- ЭКБ идентификаторы
- 154958
- Редакция идентификаторы
- 154958_518822
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:36
0 Алакөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алакөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Алакөл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.С. Сатыбалдиевке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Аудан әкімі 2021 жылғы
16 сәуірдегі № 99
Алакөл ауданы әкімдігінің
қаулысының қосымшасы
Алакөл ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын
кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Алакөл ауданы әкімдігінің «Алакөл ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2011 жылғы 31 қазандағы № 10-302 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-5-162 тіркелген, 2012 жылдың 11 ақпанында № 06 «Алакөл» газетінде жарияланған);
2
2. Алакөл ауданы әкімдігінің «Алакөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы «Алакөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 10-302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 10-375 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2195 тіркелген, 2012 жылдың 08 желтоқсанында № 47 «Алакөл» газетінде жарияланған);
3
3. Алакөл ауданы әкімдігінің «Алакөл ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 10-376 қаулысы ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2194 тіркелген, 2012 жылдың 08 желтоқсанында № 47 «Алакөл» газетінде жарияланған);
4
4. Алакөл ауданы әкімдігінің «Алакөл ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырмасын, ата- ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2019 жылғы 1 шілдедегі № 184 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5197 тіркелген, 2019 жылдың 05 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).