Құжат мәтініне өту

О передаче государственного пакета акций некоммерческого акционерного общества «Национальный научный кардиохирургический центр» автономной организации образования «Назарбаев Университет»

Қаулы · № 255 · қабылданған 21.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-154996/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О передаче государственного пакета акций некоммерческого акционерного общества «Национальный научный кардиохирургический центр» автономной организации образования «Назарбаев Университет» Қолданыста Қаулы ·№ 255 ·21.04.2021
21.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О передаче государственного пакета акций некоммерческого акционерного общества «Национальный научный кардиохирургический центр» автономной организации образования «Назарбаев Университет»

Қолданыста Қаулы ·№ 255 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О передаче государственного пакета акций некоммерческого акционерного общества «Национальный научный кардиохирургический центр» автономной организации образования «Назарбаев Университет»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
255
Қабылданған күні
21.04.2021
Көрсетілген редакция
21.04.2021 154996_519343.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000255
ЭКБ идентификаторы
154996
Редакция идентификаторы
154996_519343
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:31

0 «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына беру туралы

Қазақстан Республикасының «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің 100 (бір жүз) пайызы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне өтеусіз берілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Назарбаев Университеті» (келісу бойынша) дербес білім беру ұйымымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-194-жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 227-18-жол алып тасталсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«4. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын.
______________________

Қолданыстағы