О переименовании некоторых улиц села Полудино Полудинского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых улиц села Полудино Полудинского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық округінің Полудин ауылындағы кейбір көшелеріне қайта атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 20.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2021 155073_524710.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21SIR07312
- ЭКБ идентификаторы
- 155073
- Редакция идентификаторы
- 155073_524710
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:33
0 Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық округінің
Полудин ауылындағы кейбір көшелеріне қайта атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Полудин ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық округінің Полудин ауылының келесі көшелеріне қайта атау берілсін:
Ленин көшесіне – Абай Кұнанбаев көшесі;
Буденный көшесіне – Мағжан Жұмабаев көшесі;
Дзержинский көшесіне – Достық көшесі;
Комсомол көшесіне – Шоқан Уәлиханов көшесі;
Куйбышев көшесіне – Ғабит Мүсірепов көшесі;
Октябрьская көшесіне – Н.Ковшова көшесі.