Құжат мәтініне өту

О мерах по улучшению вакцинации населения против инфекционных заболеваний

Қаулы · № 488 · қабылданған 22.05.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-15509/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О мерах по улучшению вакцинации населения против инфекционных заболеваний Күшін жойған Қаулы ·№ 488 ·22.05.2003
30.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по улучшению вакцинации населения против инфекционных заболеваний

Күшін жойған Қаулы ·№ 488 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по улучшению вакцинации населения против инфекционных заболеваний
Атауы (қаз.)
Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
488
Қабылданған күні
22.05.2003
Көрсетілген редакция
30.12.2009 AI15509_6.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030000488_
ЭКБ идентификаторы
15509
Редакция идентификаторы
AI15509_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:20

0 Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығын және "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын одан әрi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. Мыналар:

1 1) оларға қарсы алдын ала егулер жүргiзiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi;

2 2) жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс халықтың топтары;

3 3) алдын ала егулер жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:

1 1) алдын ала егулер жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерiне сәйкес халықты вакциналауды;

2 2) медициналық мекемелерi жоқ елдi мекендерде тұратын халықты вакциналау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс iстеуiн;

3 3) 14 жасқа дейінгі балаларды егу паспорттарымен қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

0 Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 23 мамырдағы
N 488 қаулысымен
бекiтiлген
Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi

1 1. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi:

құтырма
іш сүзегi
"В" вирусты гепатитi
көктемгi-жазғы кене энцефалитi
дифтерия
көкжөтел
қызылша
полиомиелит
сiреспе
туберкулез
оба
эпидемиялық паротит
b типті гемофилдік жұқпа

2 2. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жергiлiктi бюджеттердің қаражатты есебiнен жүргiзiледi:

"А" вирусты гепатитi
тұмау
күйдiргi
туляремия
қызамық;

0 Жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс адамдардың топтары

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 23 мамырдағы
N 488 қаулысымен
бекiтілген
Жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс адамдардың топтары
Жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауға мынадай халық топтары жатады:

1 1) алдын ала егулер жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерiне сәйкес жасы бойынша (туберкулез, iш сүзегi, көкжөтел, қызылша, полиомиелит, сiреспе, эпидемиялық паротит, "В" вирусты гепатитi), қызамық, b типті гемофилдік жұқпа;

2 2) аса қауiптi жұқпалы аурулардың (көктемгi-жазғы кене энцефалитi, күйдiргi, туляремия, оба) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс iстейтiн халық;

3 3) өзiнiң кәсiби қызметiнiң түрi бойынша қатер топтарына жататын адамдар, соның iшiнде:

медицина қызметкерлерi ("В" вирусты гепатитi, тұмау);
кәрiз және тазалау құрылыстарының қызметкерлерi (iш сүзегi);

4 4) өз денсаулығының жағдайы мен эпидемиологиялық айғақтар бойынша қатер топтарға жататын адамдар:

қанын алмастырғандар ("В" вирусты гепатитi);
иммунитетi әлсiреген (жиi ауыратын және әлсiреген балалар), балалар үйлерiнiң, сәбилер үйлерiнiң балалары, қарттар үйлерiнiң контингенттерi (тұмау);
кез келген жануар тiстегендер, түкiргендер (құтырма);
терi қабаттары мен шырышты қабықтарының тұтастығы бұзылуынан жарақаттанғандар жараланғандар (сiреспе);

5 5) эпидемиологиялық айғақтар бойынша "A" вирусты гепатитiне қарсы балаларды вакциналау аурушаңдығы жоғары өңiрлерде жүргiзiледi ("A" вирусты гепатитi).

0 Алдын ала егулерді жүргiзу ережесi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 23 мамырдағы
N 488 қаулысымен
бекiтiлген
Алдын ала егулерді жүргiзу ережесi

1 1. Халықты алдын ала егудi медициналық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы болған кезде меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалар жүргiзедi.

2 2. Халықты вакциналау қосымшаға сәйкес мерзiмдерде жүргізіледi.

3 3. Егулердi жүргiзуге рұқсаты бар жоғары және орта медициналық бiлiмдi адамдарға алдын ала егулердi жүргiзуге рұқсат етiледi. Рұқсатты жыл сайын арнайы құрылған комиссия бередi.

4 4. Егулердi ұйымдастыру, алдын ала егулердi жүргiзетiн мамандарды даярлау үшiн жауапкершiлiк егулердi жүзеге асыратын медициналық ұйымдардың басшыларына жүктеледi.

5 5. Егулер арнайы жабдықталған егу кабинетiнде жүргiзiледi. Үйде және егуге уақытша жабдықталған үй-жайларда егулердi жүргiзуге ерекше жағдайларда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен рұқсат етіледi.

6 6. Елдi мекенде иммундауды жүргiзу үшiн жағдай болмағанда (медициналық ұйымның, медицина қызметкерінің немесе вакциналарды сақтау үшiн жағдайдың болмауы) егулердi жылжымалы егу бригадасы жүргiзедi. Жылжымалы бригадалардың жұмыс iстеу peжимiн аумақтық денсаулық сақтау органдары айқындайды.

7 7. Халықты вакциналау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен тiркелген препараттарды пайдалануға рұқсат етiледi.

8 8. Вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сақтау, тасымалдау және қолдану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтiк құқықтық кесiмдерiнің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Халықты вакциналау үшiн бiр реттік шприцтер ғана пайдаланылады.

10

10. Егулердi жүргiзу алдында егiлетiн адамның медициналық құжатына егуге рұқсатты ресiмдей отырып, егiлетiн адамды міндеттi түрде дәрiгер, ал ол болмаған кезде - фельдшер қарайды. Дәрiгер немесе фельдшер қараған кезде егiлетiндермен немесе балалардың ата-аналарымен вакцинаға әдеттен тыс әсер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы түсiндiру жұмысын жүргiзедi.

11 11. Егулердi жүргiзу алдында медицина қызметкерi вакцинаның сапасын, оның таңбалануын, ампуланың (сауыттың) бүтіндігін, вакцинаның ерiтiндiге және препаратқа қоса берiлген нұсқаулыққа сәйкестiгiн мұқият тексередi.

12 Алдын ала егулерді жүргізу ережесіне қосымша

12. Егiлген адамдар егiлгеннен кейінгі әсерлер пайда болған жағдайда шаралар қабылдау үшiн өздерi егу алған медициналық ұйымда 30 минут бойы қадағалауда болуға тиiс. Вакциналауды жылжымалы егу бригадасы жүргiзген жағдайда, егiлген адамдар егудi жүргiзген медицина қызметкерінің қадағалауында болуға тиiс.
Алдын ала егулерді жүргізу ережесіне қосымша
Алдын ала егулерді жүргізу мерзімдері
Егі­ле­т­ін­дер
жа­сы мен
кон­тин­ген­ті
Олар­ға қар­сы ал­дын ала жүр­гі­зі­ле­тін жұқ­па­лы ау­ру­лар
Ту-
бер-
ку­лез (БЦЖ)
По­ли-
омие-
лит (ОПВ)
"В"
Ви­рус-
ты ге-
па­ти­ті
Кө­к­жө-
тел,
диф­те-
рия,
сі­рес-
пе
(АКДС)
b тип-
ті ге-
мо­фи-
льдік
жұқ­па
(Hib)
Диф­те-
рия, сі­рес-
пе
(АДС)
Диф­те-
рия (АД-М)
Диф­те-
рия, сі­рес-
пе (АДС-
М)
Қы­зыл-
ша,
қы­за-
мық,
па­ро-
тит
(ККП)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1) жа­сы
бой­ын­ша
1-4 күн
+
+
2 ай
+
+
+
+
3 ай
+
+
+
4 ай
+
+
+
+
12-15 ай
+
+
18 ай
+
+
6 жас (1
сы­нып)
+
+
+
12 жас
+
15 жас
16 жас
+
әр­бір 10 жыл­дан
кей­ін
+
жа-
сы­на
қа-
ра-
мас-
тан
2) аса
қа­уіп­ті
жұқ­па­лы
ау­ру­лар-
дың та-
би­ғи
ошақ-
та-
рын­да
тұ­ра­тын
және жұ-
мыс іс-
тей­тін
ха­лық
3) өзі-
нің
кә­сі­би
қыз­ме­ті
бой­ын­ша
қа­тер
топ­та­ры-
на жа­та-
тын
адам­дар,
со­ның
ішін­де:
ме­ди­ци­на
қыз­мет-
кер­ле­рі
+
кә­різ
және
та­за­лау
құ­ры­лыс-
та­ры­ның
қыз­мет-
кер­ле­рі
4) өз
ден­сау-
лы­ғы­ның
жағ­дайы
ммен
эпи­де­мио
-ло­гия-
лық ай-
ғақ­тар
бой­ын­ша
қа­тер
топ­та­ры-
на жа­та-
тын адам
-дар,
со­ның
ішін­де:
қан
құй­ыл-
ған­дар
+
им­му­ни-
те­ті әл-
сі­ре­ген-
дер
кез кел-
ген жан-
уар тіс-
те­ген­дер
, сі­ле-
кей­ін
қал­дыр-
ған­дар
те­рі қа-
бат­та­ры
мен шы-
ры­шты
қа­бық­та-
та­ры тұ-
та­стығы-
ның бұ-
зы­луы­мен
жа­ра­қат-
тан­ған-
дар, жа-
ра­лан­ған
-дар
+
5) эпи-
де­мио­ло-
ги­я­лық
ай­ғақ­тар
бой­ын­ша
кестенің жалғасы
Егі­ле­тін-
дер жа­сы
мен
кон­тин-
ген­ті
Олар­ға қар­сы ал­дын ала жүр­гі­зі­ле­тін жұқ­па­лы ау­ру­лар
Қы­за-
мақ
Көк-
тем­гі-
жаз­ғы
кене
эн­це-
фа­ли­ті
Оба
Күй-
дір­гі
Ту­ля-
ре­мия
Іш
сүзе­гі
Құ­тыр-
ма
"А"
ви­рус-
ты ге-
па­ти­ті
Тұ­мау
1
11
12
13
14
15
16
17
18
19
1) жа­сы
бой­ын­ша
1-4 ай
2 ай
3 ай
4 ай
12-15 ай
18 ай
6 жас (1 сы­нып)
12 жас
15 жас
+
16 жас
әр­бір 10 жыл­дан
кей­ні
жа-
сы­на
қа-
ра-
мас-
тан
2 )аса
қа­уіп­ті
жұқ­па­лы
ау­ру­лар-
дың та-
би­ғи
ошақ­та-
рын­да
тұ­ра­тын
және жұ-
мыс іс-
тей­тін
ха­лық
+
+
+
+
3) өзі-
нің
кә­сі­би
қыз­ме­ті
бой­ын­ша
қа­тер
топ­та­ры-
на жа­та-
тын
адам­дар,
со­ның
ішін­де:
ме­ди­ци­на
қыз­мет-
кер­ле­рі
+
кә­різ
және
та­за­лау
құ­ры­лыс-
та­ры­ның
қыз­мет-
кер­ле­рі
+
4) өз
ден-
сау-
лы­ғы-
ның
жағ-
дайы
мен
эпи-
де­ми-
оло-
гия-
лық ай-
ғақ-
тар
бой­ын­ша
қа­тер
топ-
та­ры-
на жа­та-
тын адам
-дар,
со­ның
ішін­де:
қан
құй­ыл-
ған­дар
им­му-
ни-
те­ті әл­сі-
ре-
ген-
дер
+
кез кел-
ген жан-
уар тіс-
те-
ген-
дер,
сі­ле-
кей­ін
қал-
дыр-
ған­дар
+
те­рі қа-
бат-
та­ры
мен шы-
ры­шты
қа­бық-
та-
та­ры тұ-
тас-
тығы-
ның бұ-
зы­лу-
ымен
жа­ра-
қат-
тан­ған-дар, жа­ра-
лан-
ған-
-дар
5) эпи-
де­мио-
ло-
гия-
лық
ай­ғақ-
тар
бой­ын­ша
+

Қолданыстағы