Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории города Кульсары

Қаулы · № 133 · қабылданған 21.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155121/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории города Кульсары Қолданыста Қаулы ·№ 133 ·21.04.2021
21.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории города Кульсары

Қолданыста Қаулы ·№ 133 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории города Кульсары
Атауы (қаз.)
Құлсары қаласы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
133
Қабылданған күні
21.04.2021
Көрсетілген редакция
21.04.2021 155121_519472.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21TB004936
ЭКБ идентификаторы
155121
Редакция идентификаторы
155121_519472
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:30

0 Құлсары қаласы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабы 2) және 3) тармақшаларына және 27 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Құлсары қаласы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қазандағы № 372 «Құлсары қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3970 болып тіркелген, 2017 жылғы 07 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қондыбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Құлсары қаласы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Жылыой ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 133 қаулысына қосымша
Құлсары қаласы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Арнайы бөлінген орындар
Сауда орындарының саны
1
М.Кенғанов көшесі,
3 ықшам аудан, №7 үйдің алды
13
2
"Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің "№1 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарсы, Махамбет даңғылының бойы
4
3
С.Датов көшесі, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің
"№20 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Талғат» дүкенінің маңы
10
4
М.Таңқыбаев көшесі, «Пирамида» дүкенінің маңы
10
5
Ж.Аймауытов көшесі, «Ақ Отау» мейрамханасының алды
10
6
І.Сариев көшесі, «Армада» көлік жуу орталығының маңы
5
7
Д.Алдахов көшесі, «Гелиос» жанармай бекетінің маңы
5
8
Р.Балмұханов көшесі, «Самал» банкет залының маңы
5
9
«Автодорожник» ықшам ауданы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің
"Өркен" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының маңы
5
10
Ж.Надиров көшесі, «Набат» дүкеніне қарсы
5

Қолданыстағы